«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жалпыға ортақ пайда

2016 жылғы 25 Ақпан
- Астана қаласы
9213 просмотров

Астана қаласы Қоғамдық кеңес құрамына енген елордадағы Кәсіпкерлер палатасы бизнестің мүддесін қорғамақ

Астанадағы Палата директоры Ғани Тасмағанбетов Астана қаласы Қоғамдық кеңес құрамына еніп, төралқа мүшесі болып сайланды.

Астана қаласы Қоғамдық кеңес құрамы 2015 жылдың 2 қарашасындағы «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР заңының 9-бабына сәйкес 2016 жылдың 23 ақпанындағы Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген.

Заңға сәйкес қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты қоғамдық маңызды мәселелер жөнінде азаматтық қоғам пікірін білдіру болып саналады.

Қоғамдық кеңестердің міндеттері – республикалық және жергілікті деңгейдегі талқылаулар мен шешім қабылдаулар кезінде азаматтық қоғам мүдделерін қорғау және қоғамдастық пікірімен санасу, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара әрекеттестігін дамыту, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету. Астана қаласы Қоғамдық кеңестің құрамына Астана әкімінің орынбасарын қосқанда 25 адам енген. Төралқа мүшелеріне қалалық мәслихат, астаналық компаниялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінен жеті адам сайланды.

«Астана Қазақстандағы анағұрлым қарқынды түрде дамып келе жатқан қала. Астанада сауда мен қызмет секторы, өнеркәсіп пен құрылыс белсенді дамуда. Нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артуда. Мәселен былтырғы жылдың қорытындысы бойынша өсу 6,4% болған. Қоғамдық кеңестің құрамына Палата атынан келген соң, мен кәсіпкерліктің одан ары дами түсуі үшін қаладағы бизнес-қоғамдастықтар мүддесін қорғамақпын», – деді Ғани Тасмағанбетов.

Бүгінгі күні Астана қаласындағы Палата мен бизнес өкілдері қаланың 21 басты кеңестік-насихаттық органының құрамында енген. Олар қалалық прокуратура жанындағы қоғамдық кеңес, жер комиссиясы, мүлікті жекешелендіру бойынша, салықтық әкімшіліктендіру бойынша және т.б. комиссиялар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер