«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңдастырылған ақшаны пайдалануға шек қойылмайды

2016 жылғы 18 Ақпан
- Астана қаласы
8643 просмотров

Ақшаларын заңдастыратын тұлғалар оларды екінші деңгейлі банктер немесе «Қазпошта» АҚ арқылы салған жағдайда 10%-дық алымнан босатылады

Астаналық бизнесмендер Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған семинар барысында мүлікті заңдастырудың осы және өзге де ерекшеліктерін талдады.

«Мемлекет 2014 жылдан бастап қолға алып, 2016 жылдың соңына дейін ұзартылған заңдастырудың бірқатар ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында осы семинар ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі пікірталас алаңы бұл процесс барысында азаматтарда туындайтын басты мәселелердің бүге-шүгесін қарастыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», – деді астаналық Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Бауыржан Бейсенов.

Өкілетті мемлекеттік органдар өкілдері қандай мүлік заңдастыруды қажет ететінін, бұл процедураға қандай құжаттар қажет болатынын, комиссияның шешім шығару мерзімі туралы айтып берді.

Мүлікті заңдастыру кезіндегі алым мәселесіне айрықша назар аударылды. Сарапшылардың айтуынша, алым екі жағдайда: ақшаны екінші деңгейлі банктің немесе «Қазпошта» АҚ-тың қызметінен тыс заңдастырған кезде және Қазақстаннан тыс жатқан мүлікті заңдастыру кезінде алынады. Алым көлемі заңдастырылатын ақшаның немесе Қазақстаннан тыс жатқан мүлік құнының арнайы декларациясында көрсетілген соманың 10%-на тең.

Заңдастырылған ақшаны пайдалануға ешқандай шектеу қойылмайды, оларды құнды қағаздар мен жекешелендіру нысандарына инвестициялауға болады. Сонымен бірге, сарапшылар мүлікті заңдастыру бойынша барлық шығындарды заңдастыру субъектілері көтеріп алатынын айтты. Өкілетті мекемелер өкілдерінің айтуынша, заңдастыру кезінде алынған ақпарат құпия болып қалады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер