«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көшпенділер әлемі жайлы – шетелдік қонақтарға

2015 жылғы 10 Желтоқсан
- Астана қаласы
13813 просмотров

Еліміздің этномәдени игілігі елордалық жаңа бизнесте қайта жаңғыртылды

Астаналық Сәуле Жүсіпбекова кезінде мұғалім боп қызмет еткен, бұдан былай бизнесте бағын сынап көруге бел буды. Қазақ халқының мәдениеті мен тарихын дәріптейтін әрі насихаттайтын бірегей жоба құру идеясын ондаған жылдар бойы ойластырып келген еді.

«Мәдениетіміз аса бай, оның негізі – бұл көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс. Өкінішке орай, бұған қатысы жоқ көптеген елдер көшпенділерде қандай мәдениет болуы мүмкін деп ойлай отырып, қате түсініп, қате қабылдайды. Шетелдіктерге жеңіл тілмен түсіндіре отырып, үнемі осы кемшіліктің орнын толтырып, ғасырлар бойғы этномәдени құндылықтар ғажайыбын ұсынғым келіп тұратын», - деп атады жоба авторы.

Халықаралық ұйымдардың бірінде жұмыс жасай отырып, қызмет бабымен түрлі шет елдерде де болғаны еді. Шетелдіктердің мәдениеті мен дәстүріне аяқ баса отырып, сонау жат жерде елінің ұлғанғайыр кеңістігін сағынған Сәуленің ойында еліміздің этномәдени құндылықтарын жаңғырта алатын жобаны құруға деген ниет пайда болады.

«Кореяға барып, олардың мәдениетін насихаттайтын осындай жобаларды қалай жасайтынын көргенім бар еді. Олар саз аспаптарының бірін көрсетіп, жеңіл, оңай тілмен жеткізіп жатты. Осылайша, кәрістер музыкалық аспабын ғана емес, күллі ұлттық идеологияны кеңінен дәріптейді. Ал біздің киіз үйіміз, ұлттық дәмдеріміз бен музыкалық аспаптарымыз бар. Осының бәрін біріктіріп, неге кешенді түрде көрсетпеске», - деп бөлісті Сәуле Жүсіпбекова. Болашақ кәсіпкер көп ойланбастан, екі күндік «Бизнес-кеңесші» курсына жазылып, сертификат алады. Осыдан соң елордалық Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларынан толық консультация алып, іске кіріседі. Сәуле бағыныштылар емес, қолданбалы өнер мен дәстүрлі білімдерді дамытып жүрген ұлттық шеберлер керек екенін біле отырып, қызметкерлерді оп-оңай жинап алды. Сөйтіп, қысқа мерзім ішінде кезінде тарихшы болған әрі көшпенді халықтың этникалық тарихы мен дәстүрлерін жақсы білетін Зада апамен танысады. Көп өтпей жобасында кәсіпқой суретші-мүсінші, сондай-ақ «саз-сырнай» музыкалық аспабын жасап, насихаттайтын Жайлау пайда болады. Шығармашылық тандемге жас актер, елордалық Өнер академиясының дарынды студенті Нұрсұлтан қосылып, Назарбаев университетінің ағылшын тілін еркін меңгерген жас қызметкері Айгүл креатив-шығармашыл ретінде шақырылады.

Топтың негізгі құрамы құралғаннан кейін ісін бастаушы бизнесвумен «Көкжайлаудағы кездесу / Kokzhaylau getting together» атты эксклюзивті этномәдени жобасын іске қосты.     

Жоба мақсаты шетелдік іскер қонақтар мен шетелдік туристерді қазақ халқының мәдениетімен және дәстүрімен таныстыруға бағытталған. Бұл сонымен қатар елорданың шетелдік қонақтары үшін қызмет, бос уақыт және мәдени демалыс саласындағы жаңа бірегей өнім, деп санайды автор.

Жоба импровизацияланған инсталляциялар мен қысқа бағдарламалардан тұрады. Қазақ халқының мәдениеті мен тарихы жайлы көбірек білгісі келетін, жанын түсініп, тарихын танығысы келетін шетелдік қонақтарға осының аясында «Киіз үй тігеміз» бағдарламасының аясында өз қолымен киіз үй тігу мүмкіндігі беріледі. Ұлттық тағамдар әзірлегісі келетіндер үшін «Қазақ дастарханы» бағдарламасы ұсынылса, ал музыка аспабын жасап, оны тартып көргісі келетіндер «Tuny sazsyrnay» «Саз сырнай» әзірлеу технолгиясы бойынша шағын шеберлік сабағына қатыса алады. Әйелдер жағына ұлттық киімдерді киіп көру ұсынылады және басқа да көптеген дүниелер баршылық.

Нағыз құндылықтарға, ұлы дала игілігіне жататын заттарды әзірлеу және жасау процесіне интерактивтік қатысу мүмкіндігін ұсыну арқылы авторлар қонақтарды қазақтың көшпелі тұрмысы мен қолданбалы өнері ауанына батырады. Оның үстіне «Көкжайлаудағы кездесу» тобы көшпелі болып табылады және жобаны өз алаңында да, қызмет түріне тапсырыс беруші үй-жайында да, форумдар, конференциялар, семинарлар және т.б. өткізетін орындарда іске асыруға дайын.

Жоба презентациясын ең алдымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлік, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ өкілдері бағалап, алдағы халықаралық көрме қарсаңында аталмыш жобаның өзектілігін атады.

«Қатысушылардың барлығы да жобадан рухани байып шықты деп санаймын, себебі әрқайсысының жүзінен ерекше сүйінішті көрдік. Көбісі жадын жаңғыртып, терең ойға шомды. Ұлттық мәдениетіміздің қаншалықты ұлы екенін тағы бір рет түсінгендей болды», - деп бөлісті «Көк Жайлау» ЖШС иесі Сәуле Жүсіпбекова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер