«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Полицияға алаяқтарды ұстауға бір ай уақыт берілді

2015 жылғы 04 Қараша
- Астана қаласы
9922 просмотров

Елордалық кәсіпкердің жеткізілмеген тауар үшін төленген ақшасын ала алмай жүргеніне бес жыл болған, осынша уақыт бойында жеткізуші жауапкершілікке тартылмай жүр

Бизнесмен елордалық Кәсіпкерлер палатасына жазған өтінішінде 2010 жылы «Линда Ойл Евразия» ЖШС-мен жалпы сомасы 80 миллионнан астам теңгеге сатып алу-сату шартын жасасқанын, оған сәйкес аталмыш фирма оған мұнай өнімдерін жеткізуге тиіс болғанын жазыпты. Бизнесмен алдын-ала төлемнің 50%-ын енгізеді, алайда «Линда Ойл Евразия» ЖШС өз міндеттемесін орындамайды. Кәсіпкер бұл туралы полицияға хабарлап, олар алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғайды. Дегенмен, анықталғандай, жауапкерді ешкім іздемеген.

Содан ашынған кәсіпкер елордалық Палатаға жүгініп, ол өз кезегінде сәйкес шаралар қолдану үшін Астана қаласының прокуратурасына хат жолдайды. Ақырында ішкі істер органының қылмыстық істі жоғалтып алғаны анықталды. Бірақ күдіктінің есімі белгілі болған еді. Ол - «Линда Ойл» ЖШС директоры А. Махмұтов. Бір айта кететіні, күдікті осы уақыт бойы Қазақстан мен Ресей аумағында еркін әрекет етіп жүр.

Ал кәсіпкер ірі материалдық шығын шегуде, себебі тауар ақшасын кредитке алған болатын.  

Аталмыш оқиға, жәбірленген бизнесменнің ақшасын қайтаруға көмектесіп, айыптыларды жазалау үшін, Астана қаласы КП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында қаралды.

Кеңес мүшелері талқылау қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарының өкілдеріне аталмыш мәселені шешу үшін 1 ай беруге бір ауыздан шешім қабылдады. Осылайша, Палата сарапшылары бес жылға созылған оқиғаға нүкте қоймақшы.

Кеңесте сонымен қатар келесі бір кәсіпкердің «Шапағат» коммуналдық базарындағы сауда алаңы үшін жалдау ақысының көтерілуіне қатысты өтініші қаралды. Бизнесменнің айтуынша, бес жыл бойында ол бұл жерде балық бөлімін жалға алып келген екен. Кәсіпкер базар тұжырымдамасын ұстана отырып, халықтың әлсіз топтарының мүдделерін ескеріп, тауарға қолжетімді баға орнатады, сондай-ақ жалдау ақысын төлейді. Алайда елдегі экономикалық өзгерістерге байланысты базар басшылығы жалдау құнын бірден 90% көтеріп жібереді.

Елордалық Палата сарапшылары кәсіпкерді қорғап, аталмыш мәселені Кеңес отырысына шығарды. Базар басшылығы мәселені кәсіпкер мүддесін ескере отырып қарауға уәде берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер