«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жеңілдетілген тәсіл бойынша банкроттар

2015 жылғы 25 Қыркүйек
10607 просмотров

Қаржы министрлігінде оңалту және банкроттық мәселелері жөніндегі жаңа ережелер жасалды

Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті таяу арада Парламент Мәжілісінің қарауына шығаратын заң жобасында компаниялар мен кәсіпорындардың банкроттығы және оларды оңалту процедураларын аяқтау үшін тоғыз айға дейінгі уақыт ұсынылып отыр. Жаңа заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында даярланды. Оның негізгі мақсаты – бизнесті сақтап қалуға және қаржылай күйреу орын алған жағдайда көп шығынға жол бермеуге мүмкіндік беру.

Атап айтқанда, заң жобасында қарызгердің банкрот деп танылғанына дейін және оңалту процедураларынан бұрын сотқа банкроттық процедурасын қозғау туралы арызбен жүгіну құқығы болуы ұсынылып отыр.

«Процедура қозғалған сәттен бастап заң жобасы бойынша барлық қарыз түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын есептеу тоқтатылады да, кредиторлардың қарызгерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуіне тыйым салынады», - деді ҚР Қаржы министрлігі МТД қарызбен жұмыс жөніндегі басқармасының бас сарапшысы Меруерт Сейсембаева. Бұл уақытта қарызгерге барлық кредиторлармен қарызды жабу тәртібі туралы келісім жасау үшін екі апта уақыт беріліп, оны сот бекітеді.

Меруерт Сейсембаева сот бекіткен келісімнің «тұрақсыздық айыбы мен сыйлықақыны есептеуді тоқтатуына, қарызгер шоттарынан шектеулерді алып тастауға, орындау ісін тоқтатуға, қарызгер мүлкі мен шоттарына жаңа тұтқын салуларға тыйым салуға әкелетінін» атап өтті. Келісімнің ең көп әрекет ету мерзімі үш жылды құрайды.

Ал егер қарызгер өз кредиторларымен келісімге келе алмаса, онда бұл жағдайда барлық даулар «Оңалту және банкроттық туралы» заң негізінде шешілетін болады.

Заң жобасының басқа бір нормасы банкрот-қарызгерге оңалту жоспарын құру және оны барлық кредиторлармен келістіру құқығын береді. Егер мұндай қарызгер өз қарыздарын мерзімінен бұрын жабатын болса, онда банкроттық процедурасы тоқтатылады. Дайындаушылар сонымен қатар банкроттар үшін кредиторлармен бітімгершілік келісімін жасауды, оның үстіне банкроттықтың кез-келген сатысында жасау мүмкіндігін көздеген. Меруерт Сейсембаева құжаттың оны барлық кредиторлар бекіткен жағдайда ғана күші болатынын баса көрсетті. Сонымен бірге, келісім қарызгер еңбекақы бойынша қарыздарының барлығын жапқан жағдайда ғана жарық көреді. Бітімгершілік келісімді де сот кейін банкроттық процедурасын тоқтатумен бекітуге тиіс болады.

Мемлекеттік табыс департаменті компания немесе қарызгер кәсіпорынның тұтас және бөлшектеусіз, қарызсыз сатылуын ұсынады. Бұл жағдайда соттың заңды тұлғаны банкрот деп тануы туралы шешімінің күшін жою ұсынылады. Дауларды қарау созылып кетпес үшін, заң жобасына мұндай істерді бір сотқа бекіту туралы норма енгізілген.

Меруерт Сейсембаева ұсынылып отырған заңнамалық қосымшаға түсінік бере отырып, қазіргі соттардың ауыспалылығы мен сот шешімдеріне Жоғарғы Сотқа дейін шағымдану салдарынан банкроттық туралы істерді қараудың созылып кететінін атап өтті. «Ал жаңа заңнамада қарау мерзімі тоғыз ай», - деп түйіндеді МТД өкілі.

Заң сонымен қатар жосықсыз қарызгерлердің мүддесіне сай келіп, мемлекет олардың қарыздық міндеттемесін алып тастап, олар кредиторлардан белгісіз бағытқа қашып кетуі де мүмкін. Жаңа әрі көптен күткен заңның аталмыш түйткілдерден сақтануға мүмкіндік береріне сенім артамыз.   

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер