«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының басшысы ауысты

2015 жылғы 11 Маусым
- Жамбыл облысы
25185 просмотров

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының жаңа директоры болып Қарлығаш Аралбекова тағайындалды.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік Кеңесінің «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың қатысуымен өткен отырысында дауыс беру қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері Қарлығаш Аралбекованы Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры лауазымына бекітті.

Қарлығаш Аралбекова 1977 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтайды. 2003 жылы Абай атындағы Алматы Университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша тәмамдайды, экономика магистрі.

Әр жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік универститетінде оқытушы болып қызмет еткен, «АТФБанк» АҚ ШОБ департаменті Өнімдерді дайындау және әдіснама басқармасы бас маманынан бастап Банктік қызмет көрсету орталығы директорына дейінгі мансап жолынан өткен.

2009 жылы «Альянс Банк» акционерлік қоғамына ауысып, онда ШОБ департаменті Өңірлік үйлестіру басқармасы бастығы болып қызмет атқарады.

2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін «Альянс Банк» АҚ Шағын және орта бизнес департаменті директоры лауазымында болады.

2012-2013 жылдары «Альянс Банк» АҚ Тараз қаласындағы филиалында директор лауазымында еңбек етеді.

Соңғы жұмыс орны – «Банк Центр Кредит» АҚ, онда ол 2013 жылдан бері Тараз қаласындағы филиал директоры болып қызмет еткен.

Бұрын Жамбыл облысы ӨКП директоры болған Асан Қошмамбетов Өңірлік Кеңес шешімімен кеңес құрамына кіреді. Нұржан Әлтаев Асан Қошмамбетовке «Атамекен» ҰКП марапаты – І дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалін табыстап, жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін алғысын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер