«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Деректер базасы ең көп талап етілетін өнім ретінде

2015 жылғы 07 Сәуір
- Астана қаласы
11127 просмотров

Астананың Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алулар деректері базасына кіре алмайды. «Атамекен» ҰКП басшылығының және елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтың қатысуымен өткен кәсіпкерлер конференциясында бұл туралы Астананың Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов мәлімдеді.

«Астана қаласы әкімдігі өткізетін сатып алуларға отандық сатып тауар өндірушілерді өркендету жайлы, сондай-ақ тауарлар, жұмыстар мен қызметтер мониторингін өткізу туралы, импорттың орнын ауыстыруға жататын негізгі жайғасымдарды белгілеу жайлы келісімге қол жеткізілді. Мұндай талдау нақты тауарлар, жұмыстар және қызметтерге деген шынайы сұранысты көрсете алады... Сонымен қатар ерекше назарда болуға тиіс нақты өндірістерді белгілеуге болады, қажеттілігіне орай елордада орналастыруға және мемлекет көрсететін көмек шараларының бүтін бір кешенін ұсынуға да болады», - деді Мейірбек Мәжитов.

Оның айтуынша, Палата жүргізген талдауға сәйкес, 2014 жылы жалпы сомасы 63,23 млрд. теңгеге 20 999 мемлекеттік сатып алу шарты орындалған. Сонымен бірге қазақстандық мазмұн 77,89% (49,25 млрд. теңге) құрайды.

«Осылайша, 2014 жылы әлеуетті импортты алмастыру сомасы шамамен 14 млрд. теңгені құраған», - деп баса айтты елордалық Кәсіпкерлер палатасының басшысы.

Сонымен қатар, Астана Кәсіпкерлер палатасының басшысы бірқатар түйткілдерді атап өтті. Әкімдіктің мемлекеттік сатып алуларына 378 ұйым (қала басқармалары, мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау мекемелері және т.б.) өткізетін сатып алулар жататынын ескере отырғанда, «қала бойынша мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай базасы болмауына байланысты мониторинг жүргізу бойынша бірқатар қиыншылықтар да жоқ емес».

Еліміз бойынша мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай тізілімін жүргізуші жалғыз ұйым Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі болып табылады. Алайда Палата да, әкімдіктің өзі де аталмыш ақпаратты ала алмайды.

Елорда бизнес-қоғамдастығының басшысы Мейірбек Мәжитов Астана әкімдігіне қарасты жоғарыда аталған 378 ұйымның мемлекеттік сатып алуларын біріктіруді және бірыңғай электронды база құруды ұсынды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер