«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Коронавирус салдарынан несие бойынша төлемдерді кейінге шегеруді қалай алуға болады?

Қаржы
2020-04-15

Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулерді енгізу нәтижесінде қаржылық жағдай нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне банктер несие бойынша міндеттемелерді 90 күнге дейін төлеуді кейінге қалдыру және қарызды өтеу кестесін қайта қарау мүмкіндігін жеке тәртіпте қарастырады. Банктер қарыз алушылардың банк көрсеткен ресурс немесе арнаға (электронды пошта, «банк-клиент» онлайн жүйесі, банктің интернет-ресурсы) онлайн өтімдерін қарайды. Өтінімдерді қабылдауға арналған арна жайында ақпарат әр банктің интернет-ресурсында жарияланады. Өтінімдерді қарау процесінде банк қажетті растайтын құжаттарды сұратып, қарыз алушыға қарау нәтижесі туралы хабарлайды. Несие бойынша міндеттерді кейінге қалдыруды талқылау және рәсімдеу үшін өзіңіздің несие менеджеріңізге хабарласыңыз. (17.03-не өзекті)


Вернуться ко всем вопросам

Еншілес ұйымдар

Серіктестер