«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Selpak брендінде тауарды сертификаттау мәселесі туындады

2017 жылғы 13 Сәуір
- Астана қаласы
6735 просмотров

Еліміздегі ірі инвесторлардың бірі, «Ипек Кагыт Централ Азия» ЖШС «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына СТ-1 және СТ KZ сертификатын алуға жәрдемдескені үшін алғыс білдірді

Қазақстанның ірі инвесторы, Selpak, Solo, Silen, Servis және Marathon брендерімен гигиеналық қағаз шығаратын «Ипек Кагыт Централ Азия» ЖШС-нда сертификаттауда қиындық туындаған. Сертификаттау кезінде компания өндірісінің ерекшелігі ескерілмеген.

Компанияның қаржы директоры Әлима Алпысбаева айтқандай, компания бұл процедураның қажеттілігін түсінеді, алайда бұл халықаралық деңгейдегі жұмысты қиындатады. Осыған орай, «Ипек Кагыт Централ Азия» Қазақстандағы ірі инвесторларды сертификаттауды жеңілдету мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Алайда, сертификат алу процедурасын ауыстыру мүмкін емес, себебі бұл халықаралық тәжірибенің бөлігі. Сертификат алу процесін жеңілдету үшін «Атамекен» ҰКП тауарлардың келісімшарттық партиясының сараптамалық актісін жасауға кеңес берді.

Бұған қарамастан, инвесторларға Қазақстанда жұмыс істеу ыңғайлы және жылдан-жылға әлемдік өндірушілер тарапынан назар да артып келеді. Бүгінде Қазақстан «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» көрсеткіші бойынша халықаралық рейтингте 35-орынды иеленеді және теңізге шыға алмайтын елдер арасында тікелей шетелдік инвесторлардың түсімі бойынша көш басында тұр.

Дегенмен, СТ-1 және СТ KZ сертификаттарын алу – өнімді орнату мен экспорттау талабының бірі. Бұл сертификаттар компанияларға өз өнімдерін Қазақстен мен ТАМД аумағында өндіруге және таратуға құқық береді.

СТ-1 үлгісіндегі шығарылғаны туралы сертификат Қазақстан Республикасынан ТМД елдерінің ерікті сауда аймағын құру туралы келісімнің қатысушы-мемлекеттеріне: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Ресей, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украинаға жеткізілетін тауарларға беріледі.

СТ-1 үлгісіндегі шығарылған жері туралы сертификат ипорттаушыны кедендік бажды төлеуден толық босатады.

Отандық тауар өндірушіні қолдау мақсатында 2009 жылы CT-KZ үлгісіндегі тауардың шыққан жері туралы сертификат енгізілді. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы айналымға мүмкіндік береді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер