«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Өңірлік Кеңестің мақсат-мүдделері

Өңірлік кеңестің мақсаттары мен міндеттері

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі 2013 жылғы 28 қазанда

экономиканың  кәсіпкерлік секторын шоғырландыру, өсіру және даму мақсатында құрылды. Бақылаушы органның құрамы 30 мүшеден тұрады, олардың: 5 бизнес-қауымдастықтар өкілдері және 25 экономиканың әр түрлі секторларындағы аймақтық кәсіпорын басшылары.

Өңірлік Кеңестің төрағасы Жақсыбек Дәурен Әділбекұлы – «Цеснабанк» АҚ-тың Директорлар Кеңесінің Төрағасы. Өңірлік кеңестің негізгі міндеттері:

  • олардың қызметіне қолдау көрсету мақсатында қала аумағында қызмет ететін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың бірлестіктерінің топтастыру;
  • жергілікті басқару органдары мен бизнес-қауымдастықтардың инвестициялық саясатын келісуге жәрдемдесу;
  • мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу:
  • инвестициялық ахуалды және өңірде кәсіпкерліктің одан әрі өсуін жетілдіру;
  • бизнестің барлық аспектілері бойынша кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жағдай жасау – қаржы институттарының мүмкіндіктерін ескере отырып әкімшілік кедергілерді төмендетуден бастап қаржыландыру мәселелерін шешуге дейін.

Өңірлік Кеңес мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл кезінде өңірлік палата дирекциясына жәрдемдеседі; басқару органдары қабылданған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі; «Атамекен» ҚР ҰКП съезіне делегаттарды сайлайды; өңірлік палаталар мен өңірлік палаталардың филиалдарының қызметі шеңберінде Ұлттық палатаның міндеттері мен мақсаттарына қол жеткізудің орындалу барысын

бақылайды; өңірлік палаталардың ағымдағы қызметіндегі экономиканың нақты салалары мен секторларының мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз етеді; Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру бойынша съезге ұсыныстар енгізеді; кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді; өңірлік палатаның жарғысына сәйкес өңірлік кеңеске жүктелген өзге де мәселелерді шешеді.

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің жұмысы барысында:

  • кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды
  • Астана қаласы әкімінің және «Атамекен»ҚР ҰКП Президиумының төрағасының қатысуымен кәсіпкерлердің 2 конференциясы өткізілді
  • ресурстық-технологиялық орталығы ашылды
  • «Start UP» ШОБ 2 форумы өткізілді
  • Іскер әйелдер кеңесі құрылды

Сондай-ақ, Өңірлік кеңес мүшелері кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау  бойынша кеңес отырыстарына және елордалық палатаның сыртқы экономикалық қызметтің іс-шараларына белсене қатысады.

Серіктестер