«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

WorldSkills Nur-Sultan 2019 чемпионаты аяқталды

29 Сәуір 2019 - Нұр-Сұлтан қаласы
266 просмотров

Елордалық компаниялар WorldSkills Nur-Sultan 2019 чемпионаты қатысушыларына қолдау білдірді

Нұр-Сұлтан қаласында WorldSkills Nur-Sultan 2019 бесінші қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысы жасалды. Осы жолы 29 біліктілік бойынша үздік атануға  техникалық және кәсіптік оқу орындарының 18-22 жас аралығындағы 138 студенті мен жас маманы бақ сынады. Олардың шеберлігін 130 компатриот-сарапшы және 29 бас сарапшы бағалады.

 Қатысушыларды салтанатты марапаттау «Астана» орталық залында өтті. Жеңімпаздарға медальдар мен дипломдарды Білім беру басқармасының жетекшісі Әнуар Жанғозин, «Кәсіпқор» жария емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ермек Күзенбаев, Кәсіпкерлер палатасы атынан – Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Жанара Төребекова табыстады.

 «Чемпионаттың барлық қатысушыларын құттықтаймын! Жарайсыңдар! Осы бағыттан түспеу керек. Тек алға!», – деді Жанара Төребекова.  

 Дәстүр бойынша елордалық компаниялар жеңімпаздарға арнап сыйлықтар дайындады.  Жеңіл өнеркәсібі ҒЗИ және «Сән әлемі» дизайн және технологиялар институты «дизайн және киім модельдеу» біліктілігінің жеңімпаздарына сыйлық жасады. Астана электротехникалық зауыты «электромонтаж» біліктілігінің жеңімпаздарына, «Медина» жекеше балабақшалар желісі  – «Мектепке дейінгі білім беру» біліктілігі жеңімпаздарына, «DD21» ЖШС – жиһаз жасау біліктілігі бойынша жеңімпаздарға сыйлық жасады.

 «Бүгінде бизнес білікті кадрларға мүдделі. Кәсіпкерлер палатасы жұмыс берушілер арасында мамандарға сұраныс бойынша сауалнамаларды жиі өткізеді. Оның нәтижесі оқу бағдарламалары негізіне алынады. Бизнес студенттерге пркатикалық оқуға арналған алаңдарды беру арқылы дуальді білім беру үдерісіне белсенді қатысуда. WorldSkills чемпионатына қызығушылық артып келеді. Бұл білікті кадрларды іздеудің тиімді алаңы», – деді Нұр-Сұлтан ӨКП директоры Алмат Жүнісов.

Осы күні JasSkills Nur-Sultan 2019 қалалық чемпионатының жеңімпаздары да марапатталды. Бұл чемпионат биыл алғаш рет жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сынып оқушылары арасында өтті. Оған 7 біліктілік бойынша 29 оқушы қатысты

 Естеріңізге салсақ, WorldSkills чемпионаты жұмыс мамандықтарды насихаттау мен мәртебесін көтерудің халықаралық қозғалысы. Чемпионат Қазақстанда бесінші рет өтіп жатыр. Қалалық чемпионаттың жеңімпаздары WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатында бақ сынайды.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер