«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жас мамандыктар қолдау үшін

2025 жылғы 17 Қараша
- Ұлытау облысы
99 просмотров

Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасы «Қазахмыс» корпорациясының қолдауымен тәлімгерлік бойынша оқу курсын ұйымдастырды. Бағдарламаның спикері ретінде кәсіби тренер-мультипликатор Қарлығаш Оспанова шақырылды.


Оқыту барысында қатысушылар жас мамандарға тәлімгерлік етудің негізгі қырларын қарастырды: жаңадан келген қызметкерлерді сүйемелдеудің ерекшеліктері, жасөспірімдер психологиясының негіздері, өндірістік үдерістермен танысу, техника қауіпсіздігін сақтау қағидалары, жас мамандарды ұжымға тиімді кіріктіру әдістері, сондай-ақ кәсіби білім мен практикалық дағдыларды беру тәсілдері.
Оқыту курсына жергілікті кәсіпорындардың 43 маманы қатысты, олардың қатарында
Жезқазған мыс балқыту зауыты, ПИК «Ютария LTD» ЖШС, «Транко-Экспресс» ЖШС және «САС Қазақстан» ЖШС бар.
Мұндай оқыту өңір кәсіпорындарында тәлімгерліктің тұрақты жүйесін қалыптастыруға және жас кадрлардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174