«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар облысының «Атамекен» палатасы бизнеске арналған заңгерлік кеңес беру акциясына қатысты

2025 жылғы 03 Қараша
- Павлодар облысы
304 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Әбенов Ерқанат және ӨКП-нің заңгерлері республикалық «Халық заңгері» акциясына қатысты.

Бұл әлеуметтік жобаның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың проблемалық мәселелерін жедел әрі кәсіби түрде шешу, сондай-ақ «Заң және Тәртіп» идеясын ілгерілету болып табылады. Осы мақсатта өңірлік деңгейде аталмыш акция Павлодар облыстық прокурорының қатысуымен Достық үйінде ұйымдастырылды.
Кәсіпкерлер мен өңір тұрғындары құқық қорғау, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларының жеке қабылдауында болды. Адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, сот орындаушылары және өзге де мамандар азаматтарға тегін құқықтық кеңес берді.

«Атамекен» палатасы бизнеске заңгерлік кеңес беруді тұрақты түрде жүргізеді. Біздің жанымызда облыстық прокуратурамен бірлескен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша фронт-офис жұмыс істейді. Бұл жұмысты біз әрі қарай да жалғастырамыз, – деді Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Әбенов Ерқанат.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174