«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

2025 жылғы 07 Қазан
- Түркістан облысы
112 просмотров

7 қазан – Дүниежүзілік мақта күніне орай Түркістан облысы, Отырар ауданында «AQ-DALA» мақташылар фестивалі ұйымдастырылды. Мерекелік шара мақта шаруашылығының өңірдегі даму тарихын дәріптеу, жаңа агротехнологияларды таныстыру және еңбек адамына құрмет көрсетуге арналды.

Фестиваль аясында егіс алқабына экскурсия, ауыл шаруашылығы техникасының көрмесі, заманауи технологиялардың таныстырылымы өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров сөз сөйлеп, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін құттықтап, үздіктерді марапаттады.

Аймақта қазіргі таңда 5 мақта-тоқыма кластерін құру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жобалар іске қосылғанда жылына 193 мың тоннаға дейін мақта өңдеу мүмкіндігі туып, 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларын енгізу нәтижесінде суды 50%-ға дейін үнемдеп, өнімділікті 2-3 есеге арттыру жоспарлануда.

«Бүгінгі фестиваль – тек мереке ғана емес, жаңа мүмкіндіктер мен инвестициялық жобалардың бастамасы. Біз шаруаларға қолдау көрсетіп, жаңа технологияларды енгізу арқылы мақта шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруді мақсат етеміз», – деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174