Жұмысшы мамандықтардың жаңа дәуірі: Қазақстандағы индустриялық серпіліс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл – жай ғана жыл атауы емес, кадрларды даярлау жүйесін қайта іске қосуға бағытталған стратегиялық қадам. Негізгі мақсат – жұмысшы мамандықтардың беделін қайтару және елдің жаңа индустриализация кезеңін білікті мамандармен қамтамасыз ету.
Қазақстан ауқымды өнеркәсіптік өсім қарсаңында тұр. 2025 жылы жалпы инвестиция көлемі 1,5 трлн теңге болатын 190 жаңа индустриялық жоба іске қосылды. Бұл 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрып, шамамен 2,2 трлн теңгеге өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Флагмандық жобалар қатарында – сэндвич-панельдер, керамикалық кірпіш, құрылыс қоспалары зауыттары, сондай-ақ ферроқорытпа шығаратын ірі кәсіпорындар бар.
Автокөлік өндірісіне ерекше назар аударылуда: Қостанайда KIA зауыты (1500 жұмыс орны), Алматыда мультибрендті автозауыт (3500 жұмыс орны) ашылады.
2025 жылдан 2035 жылға дейінгі ұзақмерзімді кезеңде елде металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібінде 9 флагмандық жоба жүзеге асырылады. Олардың өндіріс көлемі 7,3 млрд долларды құрап, тағы 12 мың жұмыс орнын ашады деп күтілуде.
Бизнеc пен білім: серіктестіктің жаңа форматы
Бұл өндірістік серпілістің негізінде тек инвестиция мен технология ғана емес, адами капитал да жатыр. Бүгінде бизнес болашақ мамандарды даярлау ісіне белсенді қатысып, оқу бағдарламаларын бірлесе әзірлеуде және тәлімгерлік жүйесін дамытуда.
Модульдік тәсіл мен дуальды оқыту жаңа жүйенің негізгі құралдарына айналды. Колледждер ескі тәсілдерден бас тартып, жұмыс берушілер әзірлеген кәсіби стандарттар негізінде оқытуды ұйымдастырады. Мысалы, болашақ жонушы (токарь) фрезерлеу негіздерін меңгеріп, технолог дипломын алып шыға алады. Бұл түлекке еңбек нарығында неғұрлым икемді әрі сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, дуальды оқыту студенттің оқу уақытының 60%-ын өндірісте өткізуіне мүмкіндік береді. Бұл тәсіл нақты тәжірибе жинауға және жұмыс орнындағы шынайы жағдайға бейімделуге көмектеседі. Мұнда тәлімгерлік институты маңызды рөл атқарады: кәсіби мамандар студенттерге білім мен тәжірибе беріп, шабыттандырады әрі мамандықты игеруге көмектеседі.
Жаңа жүйенің тиімділігін нақты көрсеткіштер дәлелдейді:
- 2024–2025 оқу жылында колледждер 173 мың маманды даярлап шығарды, олардың басым бөлігі — жұмысшы мамандық иелері;
- 81% түлек еңбек нарығында өз орнын тапты — бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі;
- Колледждермен серіктестік орнатқан кәсіпорындар саны 7 есе артып, 9 мыңға жетті.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекет, бизнес және білім беру арасында байланыс орнатуға ықпал етіп, нақты диалог алаңдарын құруда жетекші рөл атқарады.
Жұмысшы мамандықтар жылы жұмысшы мамандығын таңдаған әр азаматтың тұрақты жұмысы бар, болашағына сенімді болып, лайықты жалақы алуын көздейді. Ел арасында жұмысшыға деген құрмет қайта оралып жатыр. Бұл — жоғарыдан басталған бастама ғана емес, мемлекет, бизнес пен білім беру мекемелерінің үйлесімді әрі нақты іс-әрекеттерінің нәтижесі.
Толығырақ "Атамекен" ҰКП подкасынан көріңіз Год рабочих профессий - это не лозунг,а масштабная перезагрузка системы подготовки кадров
Пікір қалдыру:
Пікірлер: