«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандылық кәсіпкерлер «Адал Азамат» және «Ұлы Дала Елі» конкурстарына қатыса алады

2025 жылғы 16 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
170 просмотров

Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Адал Азамат» және «Ұлы Дала Елі» атты екі беделді конкурсқа өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлады.

Жобалардың негізгі мақсаты – адалдық пен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанатын бизнесті қолдау, сондай-ақ отандық брендтерді халықаралық деңгейде ілгерілету.


«Адал Азамат» атағы экологиялық таза технологияларды енгізетін, республикалық «Тaza Qazaqstan» акциясына, әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсенді қатысатын кәсіпкерлерге беріледі. Қатысушылардың жағымды беделі қалыптасқанболып, салық берешектері, еңбек даулары мен заңбұзушылықтары болмауға тиіс.


«Ұлы Дала Елі» мәртебесі сапалы өнімімен және экспорттық әлеуетімен ерекшеленетін компанияларға табысталады. Талаптардың қатарында – экспорт үлесі кемінде 10%, өндірістегі жергілікті қамту деңгейі кемінде 30%, лицензиялар мен патенттердің, халықаралық марапаттардың болуы, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтарға мүшелік.

Конкурстарға кемінде үш жыл қызмет атқарып келе жатқан, банкрот деп танылмаған микро-, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Өтінімдер altynsapa.kz ресми сайтында 2025 жылғы 1 қазанға дейін онлайн қабылданады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2025 жылы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей салтанатты түрде өтеді.

«Адал Азамат» және «Ұлы Дала Елі» конкурстары Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне тұрақты даму құндылықтарына адалдығын, әлеуметтік жауапкершілігін көрсетуге және өңірлік өнімдерді халықаралық нарықта танытуға мүмкіндік береді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174