Павлодар Палатасы «Атамекен» кәсіпкерлер арасында сауалнама өткізуде!
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілерін ҚР «Атамекен» ҰКП тарапынан ҚР «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы туралы» Заңының (10-бап, 2-тармақ) негізінде жүргізіліп жатқан сауалнамаға қатысуға шақырады.
«Бизнес-климат» рейтингі – бұл мемлекеттік органдардың бизнес жүргізуге жағдай жасау бойынша орталық және жергілікті деңгейлердегі жұмыс нәтижелерін бағалау мен салыстыруға бағытталған тәуелсіз зерттеу. Зерттеу 2013 жылғы 4 шілдедегі №129-V ҚР «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі және «Атамекен» ҰКП-ның өз күшімен, сыртқы зерттеу ұйымдарын тартусыз жүзеге асырылады.
Сауалнаманың мақсатты аудиториясы – шағын және орта бизнес кәсіпкерлері, соның ішінде жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары. Ақпарат жинау шағын және орта бизнес өкілдері арасында онлайн-сауалнама арқылы жүргізіледі.
Зерттеу барысында қатысушылардан алынған жеке және байланыс деректерінің құпиялылығы толық сақталады.
Бизнес-климатты бағалау үшін 4 балдық шкала қолданылады: 1 – ең төменгі көрсеткіш, 4 – ең жоғары көрсеткіш.
Шағын бизнес үшін бағалау критерийлері: жергілікті атқарушы органдардың ашықтығы; бизнестің қажеттіліктері мен мәселелерін талқылауға жәрдемдесу; ЖАО-ның (Жергілікті атқарушы органдардың) жұмысының тиімділігі; бизнес мәселелерін шешуге көмектесу; мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі; қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының қолжетімділігі (ақпараттың болуы) және тиімділігі (пайдалылығы); сыбайлас жемқорлық деңгейі; жемқорлықтың немесе мемлекеттік органдар өкілдерімен бейресми қарым-қатынас тәсілдерінің таралуы.
Орта бизнес үшін бағалау критерийлері: инвестициялық жобаларды сүйемелдеу; инвестиция тарту және инвестжобаларды қолдау бойынша әкімдіктің қызметі.
Сауалнамаға сілтемелер:
• микро және шағын бизнес – https://invest.eoz.kz/polls/small
• орта бизнес – https://invest.eoz.kz/polls/medium
https://atameken.kz/ru/events/328-uvazhaemye-predprinimateli
Пікір қалдыру:
Пікірлер: