«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

САЛАЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

2025 жылғы 15 Мамыр
- Қызылорда облысы
437 просмотров

Қызылорда облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігі салааралық кеңесінің мүшелері облыс орталығындағы мұздатылған жартылай фабрикаттар өндіретін «Keremet» өндіріс ошағымен және «ABD өнімдері» дистрибюторлық компанияның жұмысымен танысты.

«Керемет» мұздатылған жартылай фабрикаттар өндірісінің 11 жылдық тарихы бар. Шағын ғана цехтан бастау алған өндіріс ошағының қуаттылығы артып, қазіргі сәтте өнімдері Қызылорда және Астана қаласының сауда сөрелерінен орын алған.  Өндірісте бұған дейін сиыр етінен түрлі өнімдер өндіріліп келсе, қазір тауық етін де өндіріске алып, өнім түрлерін 2 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Өндіріс ошағының қалыптасу жылдарында Атамекен кәсіпкерлер палатасының үлесі зор. Яғни, палата компанияға тұрақты құқықтық кеңес берумен қатар бизнес жоспарынан бастап рұқсат құжаттарын алуға дейінгі сүйемелдеу жұмыстарын жүргізген.

Бүгін бір топ бизнес өкілі өндіріс ошағындағы түшпара, котлет, тефтели, фрикадельки  және т.б. мұздатылған жартылай фабрикаттар мен жайма қамырларының дайындалу процесін көріп, өз бағаларын берді. Барлық дайындалатын өнімге қол еңбегі пайдаланылады. Сондай-ақ, автоматтандырылған өніммен қол еңбегімен жасалған өнімнің қандай айырмашылығы бар екенін «KEREMET» мұздатылған жартылай фабрикаттар өндірісінің басқарушы директоры Гауһар Ыбрайқызы айтып берді.

       «ALBARAKAT DISTRIBUTION» ЖШС-нің СЕО/ДИРЕКТОРЫ Ардақ  Жұмабекқызы «Жұмыс жүйелі түрде жүріп жатыр, қаламыздың бірқатар сауда орындарының сөрелерінде біздің өнімдер орналасқан. Тіпті, мереке күндері дүкен сөрелерінде дайын өнімдер таусылып қалып жатады» деді мақтанышпен.

Бұл өз кезегінде жергілікті өнімдерге жоғары сұраныстың айқын көрінісі. Барша тұрғындарды жергілікті өндірісті қолдап, табиғи өнімдерді пайдалануға шақырамыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер