«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«WORLDSKILLS TURKISTAN-2025» ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2025 жылғы 28 Сәуір
- Түркістан облысы
225 просмотров

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылар арасындағы кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталды. Нәтижесінде, республикалық кезеңге 36 құзыреттілік бойынша 36 студент жолдама алды.

Еліміздің жас мамандарына алған кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін “WorldSkills” қозғалысы оныншы жыл өткізіліп келеді. Жарыс алаңында 317 студент өзара бақ сынасты. Қатысушылардың жұмысын 314 сарапшы мен 36 бас сарапшы бағалады. Биыл облыстық кезең 36 құзыреттілік бойынша өтті. Атап айтар болсақ, “Абилимпикс Графикалық дизайн”, “Абилимпикс сән технологиясы”, “Агрономия”, “Аспаз ісі”, “CAD инженерлік графикасы”, “Бастауыш білім беру”, “Бизнеске арналған IT шешімдері”, “Веб технологиялар”, “Дәнекерлеу технологиялары” сынды түрлі кәсіптік құзыреттілік бар.

Палата директоры Асылан Ибадуллаев өзінің құттықтау сөзінде:
«WorldSkills чемпионаты – бұл тек жарыс емес, ол – еңбекке деген сүйіспеншілікті, кәсіби шеберлікті дәріптейтін маңызды алаң. Біз болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын шыңдап, әлемдік стандарттарға сай білім алуға ұмтылатындарын көріп, үлкен үміт артамыз. Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!» – деп атап өтті.

WorldSkills миссиясы – кәсіптік бағдар беру, кадрларды даярлау, сарапшылар қоғамдастығын құру және еңбек өнімділігін арттыру тетіктерін қоса алғанда, халықаралық стандарттарға негізделген техникалық мамандықтар бойынша жоғары технологиялық өндірістерді кадрлармен қамтамасыз ету механизмдерін қалыптастыру болып табылады.

Жыл сайын республикалық чемпионатта біздің қатысушыларымыз құр алақан оралған емес. Өткен жылдардың нәтижесінде Түркістан облысы жүлделі 6 орынды иеленген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер