«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмысшы мамандықтар жылы: Алматы қаласының «Принтмедиа технологиялар» колледжінде «Ашық есік» күні өтті

2025 жылғы 28 Ақпан
- Алматы қаласы
335 просмотров

Дереккөз: apk5.kz

Іс-шара жетекші кәсіпорындар мен бизнес өкілдерінің басын қосып Алматы қаласы білім басқармасының және «Атамекен» ӨКП қолдауымен өтті. «Заманауи баспаханадағы менеджмент: талдау, құрылыс және міндеттер» тақырыбындағы семинар саланы дамытудың өзекті мәселелері мен болашақ бағыттарын талқылау алаңына айналды.

Колледж студенттері алғашқы практикалық дағдылардын 2023 жылы ашылған құзыреттілік орталығының алаңында алады. Алайда, дуальды оқыту шеңберінде өндірістік практика нақты еңбек жағдайларына барынша жақындықты қамтамасыз етеді. Көптеген жылдар бойы колледж «Дәуір» республикалық баспа-полиграфиялық кешені, «Атамұра» корпорациясы, «Полиграфкомбинат» ЖШС, «Алатау» баспа-полиграфиялық корпорациясы, «Эдельвейс» және «Іргетас» жеке баспаханалары сияқты кәсіпорындармен ынтымақтасып келеді.

Бұл жолы іс-шараға жарнама агенттіктерінің, шығармашылық фотостудиялардың басшылары, полиграфия және басқа да байланысты салалардағы мамандарға қызығушылық танытып отырған әлеуетті жұмыс берушілер қосылды. Бұл колледж студенттерінің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту және жұмыс берушілерге білікті мамандарды табуға жол ашады.

«Атамекен» өңірлік палатасы дуальды оқыту жүйесі шеңберінде қаланың 51 кәсіптік оқу орнымен ынтымақтастық орнатты. Соның негізінде кәсіпорындарға қажетті кадрлар тізбегін зерделейді, ұсыныстар енгізеді.

«Кәсіпкерлер палатасы жүйелі түрде колледждер мен кәсіпорындардан өтінімдер қабылдайды. Осы өтінімдер негізінде дуальды оқытудың Жол картасы және шарттар тізілімі қалыптастырылады. Тиісінше, тараптардың қажеттіліктерін ескере отырып, ары қарай Палата, оқу орындары мен жұмыс беруші кәсіпорындар арасында үшжақты келісімдер бекітеді. Бүгінгі таңда бұл өзара іс - қимыл жүйесіне қаланың 700 кәсіпорны тартылды», - деп атап өтті Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің жетекші сарапшысы Толқын Әбілдаева.

Кәсіптік-техникалық білім берудің өзекті мәселелерін талқылай отырып, семинарға қатысушылар білім беру жүйесінің заман талабына икемділігінің маңызын атап өтті. Ол бүгінгі күндегі еңбек нарығының сұраныстарына тез бейімделіп, саланың өзекті мәселелерін шеше алатын мамандарды даярлауды қамтамасыз етуі керектігі айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер