«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Техникалық білім беруді дамыту: Абай облысында «Demo Day» шеберлік сабағы өтті

2025 жылғы 25 Ақпан
- Абай облысы
649 просмотров

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Абай облысы кәсіпкерлер палатасы мен IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Demo Day» шеберлік сабағы өтті. Іс-шараға колледждің оқытушылары, студенттері және әлеуметтік серіктестер қатысты. Әлеуметтік серіктестер қатарында «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Tech Center Семей» ЖШС, «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС, «Виа Мед» ЖШС, «Nexsus» ЖШС, «Алби» ЖШС, «Жәрдем баспасы» баспаханасы және Консультативтік-диагностикалық орталық бар.

Шеберлік сабағының басты мақсаты – жастар арасында техникалық білім беру бағыттарын насихаттау және төрт сала бойынша білім деңгейін арттыру. Бұл салаларға телекоммуникация, электроника, цифрлық технологиялар және графикалық дизайн жатады.

«Бұл – колледж студенттері үшін маңызды практикалық алаң. Студенттер шеберлік сабақтарына қатысып, өз жобаларын таныстырады және болашақта сұранысқа ие болатын технологиялармен жұмыс істейді. Олар тек білім алып қана қоймай, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен де танысады. Қазіргі еңбек нарығында техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары, сондықтан мұндай алаңдар жастардың кәсіби бағдарын айқындауға үлкен көмек көрсетеді», – деді IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі директорының орынбасары Фарида Шалова.

Әлеуметтік серіктестер алты бағыт бойынша атап айтқанда,   электроника, графикалық дизайн, ақпараттық-кабельдік желілер, прототиптеу, цифрлық техника және пилотсыз ұшу аппараттарын бағдарламалау шеберлік сабақтарына қатысты.

Шеберлік сабағы мен диалог алаңының қорытындысы бойынша Абай облысы кәсіпкерлер палатасы директорының экономика жөніндегі орынбасары Рахмет Адамбаев барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер