«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Президент елдегі туризм мәселесін көтерді: Қазақстан сарапшылары мен турбизнесінің пікірі

2025 жылғы 30 Қаңтар
1311 просмотров

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы атап өткен бірқатар күрделі мәселелердің ішінде туристік сала да орын алды. «Экономикалық өсудің жаңа нүктесі туризм болуы тиіс», - деп Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинетінің алдында нақты тапсырма берді.

Аса мәз емес нәтижелермен туристік саланың мамандары да келіседі. Солтүстік Қазақстан облысының туристік қауымдастығының төрағасы Владимир Витченко атап өткендей, елдің туризмді дамыту үшін зор әлеуеті бар. Алайда, қолдау шаралары мен бұл бағытқа деген көзқарастың өзі әлі де жетілдірілмеген. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін процеске барлық тараптар - мемлекет те, бизнес те, қоғам да қатысуы маңызды.

«Біздің міндетіміз туризмді дамыту үшін жағдай жасаумен қатар, табиғаттың бірегейлігін сақтау. Тиісінше, мұнда бірқатар министрліктер нақты жоспар құруы керек. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы Имантау-Шалқар аймағымен ғана емес, жылқы алғаш рет қолға үйретілген Ботаймен де танымал және бұл ерекшелікті туризмді дамыту үшін пайдалануға болады», - деп атап өтті сарапшы.

Мысал ретінде мыңдаған туристерді тартатын әртүрлі туристік аймақтар мен жыл сайын түрлі фестиваль өткізетін шетелдік ұлттық парктер келтірілген. Турбизнес өкілінің пікірінше, егер инфрақұрылым ретке келтірілсе, логистика жолға қойылса, Қазақстанның табиғаты осындай орындарды құруға әбден қабілетті. Мемлекет басшысының алдыңғы орынға қойған және ел экономикасы мен әлем картасындағы орнын айқындайтын инвестицияларды тарту да маңызды мәселе болып табылады.

Алайда, елде қызметкерлердің өздері инвестор бола алатын жобалар бар. Алматы облысы Салалық кеңесінің төрағасы, «Ақбұлақ» тау шаңғысы курортының иесі Сұңқар Ысқақов атап өткендей, Қапшағай су қоймасының жағажайларында 15 жыл жұмыс істеген қызметкерлер өз қаражатын салуға және ашық талқылауға қатысуға дайын екендерін жеткізді. С.Ысқақовтың айтуынша, мұндай жағдайда жергілікті билік мүдделі азаматтарды естіп, бірлесе жұмыс жасауға дайын болуы маңызды. Әйтпесе, орын алған тиімсіздік мәселелердің қайталануына әкеледі.

 

Инфрақұрылымды дамыту және туристік салаға жеке инвесторларды тарту қажеттігі туралы айта келе, Мемлекет басшысы Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалының мысалында туризм саласының инвестициялық әлеуетін күшейтуге бағытталған кез келген бастамаға байыппен қарап, тиімділігіне қарай шешім шығаруға шақырды. Ысқақовтың пікірінше, инфрақұрылымды тарту экотуризм дамитын барлық жерлерде міндетті. Алайда, бұл ретте экологиялық тұтастықты, жер бедерін бұзуға болмайтынын жеткізді.

«Алматы облысындағы Таңбалы тасты айта кетуге болады. Онда инфрақұрылымның дамуына қарамастан, жартастағы бейнелерге еш өзгеріс енбей, таза, табиғи қалпы сақталынған», - деді кәсіпкер.

Сарапшы туризмді дамытудың негізгі кедергісі осы салада жұмыс істейтін жергілікті кәсіпкерлерді елемеу деп санайды.

«Егер аудан немесе облыс әкімі жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларын тыңдаса, бұл бірден салық түсімдерінің өсуіне әкеп соқтырар еді. Туризмде мультипликативті әсер бар екенін түсіну керек: туризмді бір жерде дамыта отырып, біз дүкендерге, қолөнершілерге, тамақтану орындарына, қонақ үйлерге мүмкіндік жасаймыз. Мұндай дамудың әсері орасан зор болады», - деді турбизнес өкілі.

Tӧr ' re компания экологиялық таза технологияларды - күн панельдерін, жылу сорғыларын және био-септиктерді пайдалану арқылы мемлекеттік инфрақұрылымдық қолдауды жақсарту туралы көзқарасын ұсынады. Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы Ерболат Жақсылықовтың айтуынша, бұл тәсілді «салық түсімдерінің орнына мемлекеттік инвестициялар» қағидаты арқылы іске асыру мемлекеттік гранттан мемлекеттік инвестициялар жағына шығу және инвестордың жауапкершілігін арттыру жолымен қолдау тетігін жақсартуға көмектеседі. «Бұл тәсіл табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, бизнесті экологиялық тұрғыдан жүргізуге, көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ықпал етеді, сондай-ақ бизнесті жүргізудің адалдық өлшемдеріне жауап береді. Бұл Мемлекет басшысы бірнеше рет айтқан маңызды аспектілер», - деп қорытындылады турбизнес сарапшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер