«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының өңірлік кеңесіне үшкүндік сайлау мәресіне жетіп қалды

2025 жылғы 29 Қаңтар
- Алматы қаласы
758 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

29 қаңтарда «Атамекен» өңірлік палатасының алаңында инфрақұрылымдық даму салалық Кеңесінің, құрылыс жөніндегі салалық Кеңестің, креативті индустриялар жөніндегі салалық Кеңестің сайлаушылары дауыс берді.

Алматы экономикасының негізгі драйверлері сауда, қаржы және көлік сияқты дәстүрлі салалар болып табылады. Алайда, кейінгі жылдары басым салалардағы кәсіпкерлер белсенділігінің құрылымында сапалы өзгерістер орын алуда. Ғылыми және техникалық қызмет, туризм, өңдеу өнеркәсібі, IT-сектор мен креативті индустриялар қарқынды дамып келеді. Мегаполистың күнделікті өмірінде құрылыс және инфрақұрылымдық даму салалары ерекше орын алады. Осы басым бағыттардың дамуымен бірге Алматыдағы кәсіпкерлік белсенділік неғұрлым инновациялық және жоғары технологияларға бағдарланған бағыттарға ауыса отырып, өзгере беретіні айқын болып отыр.

«Атамекен» платформасында салалық кеңес мүшелерін сайлауға қатысу қала экономикасының осы негізгі секторларын нығайту және одан әрі дамыту үшін маңызды қадам болып табылады, өйткені осы салалық кеңестердің 7 өкілі өңірлік кеңестің құрамына енеді. Олар бизнесті және жаңа технологияларды дамыту мүддесінде мемлекеттік органдармен сындарлы диалог құруы тиіс.

«Осы үш кеңестегі барлық сайлаушылардың бірауыздан қабылдаған шешіміне сәйкес дауыс беру жабық түрде, офлайн режимінде өтті. Сайлаушылар толық құрамда жиналды, кворум бар. Бүгін сайлаудың соңғы күні. Өңірлік кеңес 4 жылға сайланады, яғни таяу болашақта оның құрамына кіретіндер палатамен бірлесе үлкен жұмыс атқауы тиіс. Барлық үміткерлер белсенді, бастамашыл, креативті, сайлау алдындағы үгіт барысында көптеген жаңа бастамалар ұсынды. Олардың барлығы кезең-кезеңімен іске асатынына сенімдімін. Дауыс беру қорытындысын өңірлік комиссия дауыстар саналғаннан кейін жариялайды. Бұл туралы біз ресми ресурстарымызда қосымша хабарлаймыз», - деп атап өтті Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының м.а. Жанна Мырзақұлова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер