«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында Өңірлік кеңестің жаңартылған құрамының бірінші отырысы өтті

2025 жылғы 21 Қаңтар
- Ақмола облысы
510 просмотров

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында жаңа құрамдағы Өңірлік кеңестің бірінші отырысы өтті.

Сайлау қорытындысы бойынша бекітілген тізімге сәйкес өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің жаңа құрамына 27 мүше – 19 аудандық, 7 салалық кеңестің өкілдері, сондай-ақ ӨКП-да аккредиттелген туристік қауымдастықтың бір делегаты кірді.

Отырыс барысында Өңірлік кеңес төрағасын қайта сайлау өтті. Кеңеске кезекті рет Қуаныш Боранқұлұлы Рақышев төраға болды.

«Құрметті әріптестер, сіздерге жоғары сенім білдіргеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Өз тарапымнан біздің бизнес-қоғамдастықтың түйткілді мәселелерін, өңірлік кеңестің алдына қойылған міндеттерді ілгерілету және шешу үшін бар күш-жігерімді саламын. Бізде бар барлық мәселе бірлесіп шешілуі керек. Біз өте қырағы, сонымен қатар бизнес мүддесін қорғауда дұрыс болуымыз керек», - деп атап өтті Қуаныш Рақышев.

Өз кезегінде Өңірлік палатаның директоры Ерқанат Мұсылманбек Өңірлік кеңестің бұрынғы мүшелеріне ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, жаңа құрамға жемісті жұмыс тіледі. Сондай-ақ ӨКП қызметінің негізгі бағыттары туралы хабардар етті.
Кездесуге қатысушылар кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін талқылады, өңірлік кеңестің осы жылғы жұмыс жоспарын бекітті.

«Кеңес құрылымының жаңартылған моделін аумақтық және салалық делегаттар ұсынады, бұл бизнестің жергілікті және салалық мәселелерін мемлекеттік органдармен қатар одан да тиімді шешуге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады Ерқанат Мұсылманбек.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер