«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инвесторлар тізілімі және прокурорлық бақылау – Кәсіпкерлік кодекске енген өзгерістер

2025 жылғы 15 Қаңтар
527 просмотров

Елімізде Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның басқаруымен инвесторлардың электрондық тізілімін құру жоспарлануда. Іске асырылып жатқан жобалар мен олардың кезеңдері туралы толық ақпараты бар орталықтандырылған деректер базасы заң деңгейінде реттеледі. Айта кетейік, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар өз жүйелерін біріктіруге және деректерді тізілімге енгізуге міндетті болады. «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаменті сарапшыларының айтуынша, бұл нарық қатысушылары үшін қазақстандық инвестициялық қызметтің ашық әрі қолжетімді көрінісін жасауға мүмкіндік береді.

Аталмыш бастама 30 желтоқсанда Кәсіпкерлік кодекске және басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер енгізетін заңға қол қою аясында жүзеге асырылады. Президенттің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауында көтерілген бастамалардың жалғасы болып табылатын  құжат бизнес пен инвесторлар үшін жағдайды жақсартуға бағытталған.

Сонымен қатар, бизнесті қорғаудың жаңа шаралары енгізілуде. Енді жекеменшік бизнес пен инвесторлардың қызметін шектейтін шараларды қолданар алдында прокурормен келісу қажет. Бұл компанияның немесе оның объектілерінің жұмысын тоқтата тұруға, лицензиядан бас тартуға, оны айыруға немесе жоюға, мемлекеттік келісімшарттарды біржақты бұзуға қатысты болады.

Бұдан өзге, Азаматтық іс жүргізу кодексіне (8-баптың 7-бөлігі) толықтыру енгізілді. Ол бойынша мемлекеттік органдарды тізілімнен инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын талаптармен сотқа жүгінер алдында прокурордың келісімін алуға міндеттейді. Осылайша, бизнестің қызметіне әсер етуі мүмкін кез-келген шаралар қосымша тексеруден өтіп, кәсіпкерлікті қорғау мен тұрақтылық қамтамасыз етіледі.

«2025 жылғы 11 қаңтардан бастап күшіне енген түзетулер – кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау жолындағы тағы бір маңызды қадам болып отыр. Жаңа ереже инвесторлар мен кәсіпкерлердің сенімін арттыруға, сондай-ақ елдегі экономикалық ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған», - деп атап өтті ҰКП сарапшылары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер