«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҚР ҰКП: өңірде электронды коммерцияны дамыту

2024 жылғы 21 Қараша
724 просмотров

 «КПМГ Такс энд Эдвайзори» компаниясы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен серіктестікте «Электрондық коммерция. Кедендік және салықтық аспектілер» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар электронды коммерция және халықаралық логистика саласында белсенді жұмыс істейтін жетекші халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдерін жинады. Іс-шараға қатысушылар арасында Еуразиялық экономикалық комиссияның, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, «Қазпочта» АҚ, DHL International Kazakhstan және Global Trade & Customs (АҚШ) өкілдері болды.

Семинар Қазақстанда және одан тыс жерлерде электронды сауда процестерін одан әрі жетілдіру жолындағы маңызды қадам болды.

Шараға қатысушылар ЕАЭО шеңберінде де, Қазақстанда да электронды сауданы дамытуға бағытталған шаралар туралы ақпаратпен танысты. Электрондық коммерция тауарларына қатысты кеден және салық заңнамасындағы өзгерістерге, сондай-ақ, АҚШ-тың халықаралық тәжірибесі мен Қазақстанның құқық қолдану тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Сауда және интеграция министрлігі 2027 жылға дейінгі ауқымды іс-шаралар жоспарын ұсынды. Оның ішінде фелллинг орталықтары мен кедендік қоймаларды дамыту, сондай-ақ, тауарларды жеткізу мерзімін қысқарту мәселелері қамтылған. Жеткізу мерзімін 60 күннен 7 күнге дейін қысқарту елдің транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыруы керек деп күтілуде.

Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия өкілінің ЕАЭО-дағы сыртқы және өзара электрондық сауданы ілгерілету, олардың ғаламдық электрондық коммерцияны дамыту индекстерінің рейтингтеріндегі орны туралы ақпараты үлкен қызығушылық тудырды.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитеті өкілдерінің презентациясы қатысушылардың назарын арттырды, өйткені онда электрондық коммерция тауарларын кедендік және салықтық әкімшілендірудің негізгі мәселелері қозғалды, атап айтқанда:

  • Кеден заңнамасына электрондық коммерция операторлары институтын, электронды сауда тауарларына кедендік декларациялау нысандарын, кеден қоймаларын пайдалануды және кедендік баж мөлшерлемелерін енгізуді көздейтін жоспарлы өзгерістер;
  • салық заңнамасына сәйкес келмейтін интернет-платформалардың веб-сайттарын бұғаттауды көздейтін ҚР Салық кодексіне жоспарланған өзгерістер;
  • Google tax төлеу статистикасы.

 

Global Trade & Customs (АҚШ) өкілінің презентациясында электронды коммерция тауарларын әкімшілендіру саласындағы АҚШ тәжірибесі, қолданыстағы заңнама және жоспарланған өзгерістер, сондай-ақ, құқық қолдану тәжірибесінің жағдайлары қарастырылды.

Сондай-ақ, «Қазпочта» АҚ және DHL International Қазақстан электрондық коммерция операторларының практикалық жағдайлары семинар қатысушыларына электронды сауда тауарларын тіркеу мәселелерін толығырақ түсінуге, ал, уәкілетті мемлекеттік органдарға заңнамаға шешімдер мен түзетулер енгізуді талап ететін проблемаларды назарға алуға мүмкіндік берді.

Семинар материалдары қоса беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер