«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Турбизнестегі жағымды жайт». Мунирам Ахметова бірегей Jibek Joly пойызын құру туралы

2024 жылғы 20 Қараша
1269 просмотров

Бүгін, 20 қарашада Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол туры аясында арнайы құрылған «Jibek joly» туристік пойызы Алматы станциясына келеді. Пилоттық жобаның мақсаты – саяхаттау үшін жаңа мүмкіндіктер жасау, елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және қазақстандықтар үшін сапарлардың қолжетімділігін арттыру.

Бес күн ішінде 115 адам Алматы – Түркістан – Ташкент – Алматы бағыты бойынша жүріп өтті. Рейс жолаушылары тарихи Түркістанда бір күн, Өзбекстан астанасында екі күн болды. Кәсіби гидтер – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан баб, Отырар музейі, Барақ хан медресесі, Әулие Әбу Бәкір Каффаль Шаши кесенесі, «Төле Би» және Ташкент қаласының заманауи көрікті жерлеріне саяхаттады. Туристер жайлы автобуспен қамтамасыз етілді.  

Қазақстанның туристік саласындағы маңызды оқиға – мемлекет басшысының туризмді дамыту стратегиясы аясындағы тапсырмасының нәтижесі болды. Бұл бастама туралы алғаш рет еліміздің туристік бизнес өкілдері мәлімдеген болатын. «Дөңгелекті тур» жобасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ кездесулерінде, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігімен Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жиындарда бірнеше рет ұсынылды.

Жобаны «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қазақстанның жетекші туроператорларымен – «Kompas», «Khan Turan Travel», «Tau Komek Travel», «Тұран Қазақстан Тревел», «Grand Soluxe Travel Company», «SkyWay Travel» бірлесіп іске асырды. Бастама «Қазақстандық туризм индустриясы» РҚ өзін-өзі реттейтін ұйым» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігі» қолдауына ие болды. Ұйым төрағасы Мунирам Ахметова көптен күткен жоба туристік нарық пен мүдделі тараптардың берік тандемінің арқасында сәтті іске қосылғанын атап өтті.

«Ұлттық тасымалдаушы мен туристік нарық арасындағы ынтымақтастық соңғы бірнеше жылда нығайды. Бұл турбизнес үшін үлкен нәтиже. Бұл үдерісте араға делдал болып, көптеген мәселелердің, соның ішінде Алакөл көліне көлік қатынасын жақсартуға белсене қатысқан ҰКП ерекше рөл атқарды. Бұл туристік пойыздың іске қосылуы азаматтарға қолжетімді және сапалы қызметтермен саяхаттың жаңа форматын ұсыну қажеттілігінен туындаған қисынды қадам болды», - деп атап өтті спикер.

Жобаны іске асыру үшін жұмыс тәжірибесі бар туристік операторлар шақырылды. Спикер атап өткендей, болашақта оқу орындарын тарта отырып, басқа туроператорлардың қатысуын кеңейту ұсынылды. Осылайша, өскелең ұрпақ оқиғаны тек оқулық беттерінде ғана емес, өз көздерімен көре алады.

«Мен сарапшы әрі кеңесші ретінде осындай жобаға атсалысқаныма қуанамын. Жобаны «ҚТЖ» өзі ұсынғандықтан, туризм саласындағы маманның қатысуы қажет болды. Біз туристік нарықтан құзыретті қатысушыларды жинап, маршрутты әзірледік, сондай-ақ кеңес беруден бастап аялдама орындарын таңдауға, ақпараттық қолдау мен билеттерді сату бойынша жобаны толық сүйемелдедік», - деді М. Ахметова.

Пойыз бұрын басқа маршруттарда пайдаланылмаған қазақстандық өндірістің бес вагонын қамтиды. Пойызда саяхаттау кезінде әртүрлі демалыс шаралары ұйымдастырылған.

Туристік нарыққа осындай бастамалар қажет. «ҚТЖ» ҰК» АҚ туризм өкілдері өз алғыстарын білдіріп, маршрут географиясын одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Бұл туристердің одан да көп болуына және еліміздің түкпір-түкпіріне баруына жол ашады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер