Алматы облысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен өңір кәсіпкерлерінің кездесуі өтті
Шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған бағдарламалар басты назарда. Бұл ретте Кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып, үлкен қолдау көрсетуде.
Іс-шара модераторы, Кәсіпкерлер палатасының директоры Бекеев Тимурдың айтуынша, бизнес-қоғамдастық пен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өтетін кездесулер бизнес үшін өте маңызды: олар өзара әрекеттесу мен бизнесті шешудің нақты механизмін құруға мүмкіндік береді, сондай-ақ, мемлекеттік органдармен бірлесе кәсіпкерлердің мәселелерін шешеді.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде кәсіпкерлер әкімге сұрақтар қойып, бизнесті дамытудағы кедергілерді еңсеру жолдарын ұсынды.
Кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша, соның ішінде Кәсіпкерлер палатасының 8 Салалық кеңесінде талқыланған тақырыптар қозғалды:
• Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларды анықтаудың интеллектуалды биометриялық жүйесін енгізу:
«Дана» жеке білім беру мектебі» ЖШС-нің құрылтайшысы Күләнда Батырбекова биометриялық жүйені енгізу мәселесін көтеріп, ақпараттық семинарлар өткізу және жаңа балабақшалар салуға жер телімдерін беруге қолдау көрсетуді сұрады.
Әкім Сұлтанғазиев Марат бұл жобаның маңыздылығын атап өтіп, жер телімін беру туралы өтінішті қарауға уәде етті. Сонымен қатар, ол мектептердегі үш ауысымда оқытудың өзекті мәселесін шешу жоспарларына тоқталды. Әкімнің айтуынша, өткен жылы үш ауысымда оқитын мектептердің саны 51 болса, қазір олардың саны 37-ге жетіп отыр. Алдағы уақытта аталған мәселені шешу жоспарларымен бөлісті.
• «Artsport» жобасын әзірлеу:
«Зияткер» ЖШС жанұялық орталығының директоры Жилкибаева Асель жастар спортын дамытуға бағытталған «Artsport» жобасын қолдау туралы сұрақ қойды. Ол қосымша қаржыландыру, құрал-жабдықтарды жаңарту және республикалық олимпиадаларға қатысу рәсімдерін жеңілдету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жобаға мүмкіндігі шектеулі немесе ауылдан келген балалардың қатысу мүмкіндігін қарастыруын сұрады.
Әкім кәсіпкерлік тәуекелді ескеру керектігін атап өтті. Мемлекеттік органдар сапа үшін жұмыс істеп, балалардың мүддесіне әрекет ететін болады, өйткені барлық балалар бірдей қосымша білім алғысы келмеуі мүмкін, кейбір балалардың оқу кестесімен сай келмеуі мүмкін және т.б. Балалардың сапалы білім алуы үшін мемлекет облыстағы білім саласына 3,5 млрд теңге бөлінген және оны тиімді пайдалану керек екенін айта кетті.
• Сауданы жаңғырту және стационарлық емес сауда мәселелері:
Талғар ауданының «ТехСтрой» компаниясының директоры Талғатбек Әсет сауда алаңдарын жаңғырту кезінде санитарлық нормаларды сақтау қажеттігін алға тартты. Ол стационарлық емес сауданың артуы тұрғындардың санитарлық нормалары мен қауіпсіздігіне қатысты қиындықтар туғызатынын айтты.
Әкім санитарлық нормалар мен қала құрылысы ережелерін сақтаудың маңыздылығына тоқталды және жазғы уақытта ұйымдасқан сауданы дамытып, облыстың экономикалық әлеуетін арттыру қажеттігін айтты.
• Жиында отандық тауар өндірушілердің «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысу мәселесі де көтерілді.
Кәсіпкер Лян Леонидович отандық тауар өндірушілердің тендерлерге қатысуға мүмкіндігі жоқ екенін, мысалы, мектептерге шкаф жиһаздарын жеткізуге мүмкіндігі шектеулі ұйымдарға артықшылық берілгенін атап өтті.
Әкім кәсіпкерлерге жағдайдың тең еместігі мәселесі мұқият қарауды қажет ететінін айтып, әділ бәсекелестік орта қалыптастыру үшін қажетті шараларды қабылдауға уәде берді. Ол сондай-ақ жағдайдың отандық тауар өндірушілердің мүдделеріне нұқсан келтіретін «жұмыс схемасына» айналуына жол бермеу керектігін айтты.
Облыс әкімімен кездесу ашық сұхбат алаңына айналып, өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға қатысты басқа да түйткілді мәселелер көтеріліп, кездесу соңы сұрақ-жауап тізбегіне айналды.
Кездесуде әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Әкім Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Қайсароваға әйелдер бизнесін дамытуға және қоғамдағы әйелдердің әл-ауқатын жақсартуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хат табыстады.
Лаззат Қайсарова өз кезегінде әкімге «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және Отбасы істері – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Әйелдер кәсіпкерлігі және әлеуметтік саясат саласындағы негізгі тұлғалардың қатысуымен «Жаңа өмірге – Жаңа серпін» форумын ұйымдастыруға қолдау көрсетуін сұрады. Қайсарова соңғы екі жылда Іскер әйелдер кеңесі 424 әйелге көмек көрсетіп, 90-нан астам әйелге оқыту курстарынан өтуіне жәрдемдескенін айтты.
Әкім шағын және орта бизнесті қолдау өңір экономикасының өсуінің басты факторы екенін атап өтті. Ол жергілікті бюджеттен кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қомақты инвестицияны баяндады:
• Шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген 4 млрд.
• Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға 2,5 млрд теңге бөлінді.
• 1,1 млрд теңге – несиелер мен лизингке кепілдік беру.
• 220 млн теңге – жас және әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік гранттар.
• «Даму» қоры да 617 жобаға 83,6 млрд теңге субсидия беріп, 10,2 млрд теңгенің 322 жобасына кепілдік берді.
• Қараша айында 40 кәсіпкер өз ісін дамытуға мемлекеттік грант алады (әр жобаға 5 млн теңгеге дейін).
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына өңірде кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасауға көмектесетін 8 салалық кеңес жұмыс істейді. Олардың қызметі көлік және логистика, денсаулық сақтау, сауда және қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, туризм, өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану, адам капиталын дамыту, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына бағытталған. Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін шешу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Кездесу барысында өңірдегі кәсіпкерлікті одан әрі қолдау бойынша нақты шараларды жүзеге асырудың шешімдері табылды. Кәсіпкерлер палатасының директоры мұндай кездесулер Алматы облысында кәсіпкерлікті дамытуды ынталандырудың тиімді құралы екенін атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: