«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Біз инвесторларды қолдауымыз және қорғауымыз қажет

2024 жылғы 02 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4197 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің төрағасы Бахытбек Бегалиев Президент Жолдауына пікірін білдірді.

Жыл сайын Президенттің халыққа Жолдауы мемлекетіміздің даму жолдарының негізгі бағыттарын айқындайды. Осы жолы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске көп көңіл бөлді. Инвестицияларды тарту, салық жүйесін жетілдіру, таза бизнес құру, тағы басқа да негізгі бағыттар айтылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы іске асырылатын жобаларды сапалы әзірлеу қажет, - деді.

Дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау  қажеттілігін, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды екенін атап өтті.

«Үкімет жанындағы Инвестиция штабына ауқымды құзырет берілді. Бұл қадам металды терең өңдеу, мұнай-газ-көмір химиясы, туризм, энергетика және машина жасау сияқты маңызды салалардағы жобаларды жүзеге асыру қарқынын арттыруға жол ашты», -деді мемлекет басшысы.

Ол бүгінгі жолдауында экономикаға салынған тікелей инвестиция көлемін азайтып алмау үшін осы бағыттағы жұмысты күшейту керектігін айтып, биліктің осы бағыттағы жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.

«Кейбір әкімдер мен министрлер инвестор тарту ісіне жөнді атсалыспай отырғанын атап өткім келеді. Үкімет бұл шаруаны ретке келтіруге тиіс», - деді Тоқаев.

Халықаралық қаржы институттары қатысатын жобаларға баса назар аудару керек. Үкіметке халықаралық қаржы ұйымдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тәсілімен қаржыландырып, толық жүзеге асыратын ауқымды жобалардың тізімін жасауды тапсырды.

«Президенттің көтерген «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы кәсіпкерлерді дәл қазір қолдау қажет екенін және дәл қазір заңсыздықтардан қорғау қажет екенін білдіреді. Онымен қоса «эконмикалық маңызы бар өндірістер мен объектілерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тәсілімен қаржыландыру өте тиімді және кәсіпкерлерге үлкен қолдау. Алайда жоғарыда аталған қолдаулардың іс жүзінде орындалуын қадағалау маңызды. Біздің кеңестің қарауына шарттардың орындалмауына байланысты кәсіпкерлердің жүгініп, сұрақ оңтайлы шешімін табатынын айтқамыз келеді», - деп айтты Бахытбек Бегалиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер