«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы облыстық мәслихатпен тығыз жұмыс істейтін болады

2024 жылғы 15 Наурыз
- Ақтөбе облысы
8500 просмотров

Ақтөбе облысында алғаш рет өңірлік "Атамекеннің" директоры Дидар Боранқұлов пен облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева ақпарат алмасу және кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын заңнаманы жетілдіру мақсатында өзара іс-қимыл туралы бірлескен Жоспарға қол қойды.

2024 жылғы 15 наурызда Ақтөбеде кәсіпкерлер палатасы мен облыстық мәслихат "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы туралы" ҚР Заңдарын басшылыққа ала отырып, кәсіпкерлікті қолдау саласындағы өзара іс-қимыл және іскерлік қатынастарды нығайту туралы уағдаласты.

Мәселен, Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының қолдауымен өңірдің бизнес-қоғамдастығы мәселелерін шешуде қолдау және көмек көрсету жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Тараптар бірінші кезекте кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын заңнаманы жетілдіру мәселелерін шешу бойынша бірлескен жұмыс істейтін болады.

«Өңірлік "Атамекен" бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған мәселелерді шешу шеңберінде жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимылды күшейту міндетін көздейді. Бірлескен жоспарда, атап айтқанда, жер қатынастары; мемлекеттік-жекешелік әріптестік; импортты алмастыру шеңберінде өнім шығаратын отандық өндірушілерді қолдау; мектептерде сапалы тамақтануды ұйымдастыру бойынша бизнестің жауапкершілігі, басқа да проблемалық мәселелер және жалпы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелерін қарауға бағытталған іс-шаралар көзделген», — деп ӨКП директоры Дидар Боранқұлов атап өтті.

Бірлескен кеңестер өткізу және талқылау қорытындылары бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ облыс аудандарына шығу жоспарлануда.

"Атамекен" көп жұмыс жасады деп айтқым келеді. Мен сіздің бірқатар құжаттарыңызды зерттедім. Өткен жылы трансформация аясында кәсіпкерлер палатасы жанынан 130-ға жуық кәсіпкерді біріктіретін 6 салалық кеңес құрылған. Кеңестер барлық салаларды қамтиды. Бұл бизнес пен мемлекеттік органдар барлық проблемалық мәселелерді шешетін өте жақсы алаң. Әрине, біздің жоспарымызда біз тексеру туралы заңнамаға, әсіресе шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийдің аяқталуы аясында ерекше назар аудардық. Және бірінші кезекте отандық тауар өндірушілерді қорғау, инвестиция тарту үшін қолайлы климат құру болып табылады. Біздің ортақ мақсатымыз — кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау. Біз сіздің алаңдарыңызға жиі жиналуға дайынбыз", - деді облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева.

Жоспар 1 жыл мерзімге бекітілді. Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық мәслихаттың өзара іс-қимылының нәтижелері туралы бизнес-қоғамдастыққа БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабарланатын болады.

Айта кетейік, іс-шара дөңгелек үстел форматында өтті. Сондай-ақ, Өңірлік кеңестің, ӨКП жанында жұмыс істейтін Салалық кеңестердің төрағалары мен кәсіпкерлер өз сұрақтарымен қатысты. Атап айтқанда, олар кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға гранттар бөлу, тариф белгілеу, білім берудегі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативтері, GPP тиісті дәріхана практикасын енгізу мәселелеріне қатысты болды.

Қол қойылған жоспар шеңберінде осы мәселелердің барлығы жеке алаңдарда пысықталатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер