«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Петропавл қаласының оқушылары мен студенттері арасында үздік тігінші тандалды

2023 жылғы 02 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
9813 просмотров

Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжінде СҚО Кәсіпкерлер палатасы мен әлеуметтік серіктестердің қолдауымен  «Мектеп және балалар киімінің тігін фабрикасы» ЖШС,  «Прогресс» Тігін фабрикасы» ЖШС және «Сокирко» ЖК, «Тігінші» мамандығы бойынша үздік» ашық конкурсы өтті. Аталмыш іс-шара мамандықтар фестивалі аясында ұйымдастырылды.

Байқауға даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

«Іс – шараның негізгі мақсаты  «Тігінш»  мамандығын насихаттау ғана емес, сонымен қатар желілік өзара іс-қимылды дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды әлеуметтендіру және бейімдеу, педагог қызметкерлердің шығармашылық белсенділігін арттыру болды», - дейді Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжінің директоры Анатолий Грязнов.

Конкурсқа қатысушылардың әрқайсысының жұмыс орны тігін жабдықтарымен, кесумен және нұсқаулық карталармен қамтамасыз етілді. Кесуге арналған матаны жеке кәсіпкер Сергей Сокирко бөлді.

«120 минут ішінде байқау қатысушылары қауіпсіздік техникасы мен бұйымды дайындау технологиясының талаптарын сақтай отырып, алжапқыш жасау талап етілді. Қатысушылардың жұмысы еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыру, еңбектің ұтымды тәсілдерін қолдану, технологиялық талаптар мен тапсырмаларды орындау сапасын сақтау, сондай – ақ жұмсалған уақыт сияқты критерийлер бойынша бағаланды», - дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ирина Торопова.

Жас тігіншілерге тігін кәсіпорындарының қызметкерлері арасынан құзыретті қазылар алқасы баға берді. Жеңімпаздар мектеп-интернат оқушылары мен колледж студенттері арасында анықталды. Оқушылардың ішіндегі ең үздігі «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 2 арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ 10 сынып оқушысы Алтынай Ахтаева болды. Ал студенттер арасында екінші курс студенті Инесса Вагнер байқауға жақсы дайындалған. Жүлдегерлерге тиісті деңгейдегі дипломдар табыс етілді және барлық қатысушыларға сыйлық ретінде тігін керек-жарақтары бар нессерге ие болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер