«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оқу процесінен емтиханды бөлу қисынсыз – кәсіби бухгалтерлер

2022 жылғы 15 Тамыз
- Астана қаласы
6429 просмотров

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау саласындағы елордалық ұйымдар Кәсіптік кеңес жанындағы кәсіби бухгалтер мамандығына емтихан қабылдау жөніндегі бірыңғай біліктілік комиссиясын құруға қарсы.

Кәсіпкерлер бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиевтің төрағалығымен өткен ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің тауар нарықтарына кірудегі кедергілерді анықтау және жою жөніндегі кеңестің кезекті отырысында мәлімдеді.

«Бухгалтерлер қауымдастығы» бухгалтерлердің кәсіби ұйымының директоры Сымбат Асанбекова қазіргі кезде ҚР-да Қаржы министрлігі аккредиттеген 25 оқу орталығы барын айтты. Бұл оқу орталықтары емтихан қабылдауға және «кәсіби бухгалтерлер» сертификаттарын беруге құқығы бар. 2022 жылы емтихандарды өткізу ережелері күшейтілді. Тағы үш пән қосылды, енді кәсіби бухгалтер сертификатын алу үшін үміткер алты емтихан тапсыруы керек.

2022 жылғы шілдеде бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінен кәсіби кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясының емтихандарын қабылдау функциясын бірыңғай орталыққа беру ұсынылатыны туралы хат келіп түсті.  Мақсаты – сертификаттау жүйесінің сапасын арттыру. Алайда, олар оқуды емтиханнан бөлу және емтихандарды «бір қолға» беру тек жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады деп санайды. Өйткені бухгалтерлерді сертификаттау қызметтері нарығында монополист болатын бірыңғай емтихан орталығын құру ұсынылады. Ал бұл «Кәсіби бухгалтерлерге арналған халықаралық білім беру стандарттарына» және ҚР Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келеді.

«Халықаралық стандарттарға сәйкес, кәсіби бухгалтерлер үшін білім беруге» сәйкес сертификаттау ерікті болып,  мемлекеттің емес, кәсіби қоғамдастықтың бақылауында болуы керек. Реттеуші орган (ҚМ жанындағы кәсіптік кеңес) кәсіби ұйымның елеулі қатысуымен бухгалтерлердің кәсіби қабілеттері мен біліктілігін бағалауды жүзеге асыра алады. Бірақ бұл бағалауды өз қалауы бойынша немесе осы өкілеттікті бірыңғай операторға бере отырып, өз бетінше жүргізбеуі мүмкін», – деп атап өтті спикер..

Сондай-ақ, бухгалтерлердің кәсіби қоғамдастығында осы мәселе бойынша дауыс беретін консультативтік орган мүшелерінің құрамына қатысты сұрақтар бар. Ашық көздерде жарияланған тізім жоқ. 

Кедергілерді анықтау және жою жөніндегі кеңес мүшелері ҚР Кәсіпкерлік кодексі нарықтың барлық субъектіне кәсіпкерлік қызметті жүргізуге тең құқық пен мүмкіндіктер беретінін атап өтті. Мемлекет тауарларды бәсекелестік негізде өткізу Конституциялық құрылыстың, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті қорғау, адамның құқығы мен бостандықтары, халық денсаулығының жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін қызмет салаларында ғана бәсекелестікті шектеуге құқылы. Бұл ретте бухгалтерлерді сертификаттау бизнес осы санаттарына жатпайды.

Мамандары сондай-ақ өткен жылы кәсіби кеңеске берілген аудиторларды сертификаттау бойынша сәтсіз тәжірибені атап өтті. Олардың айтуынша, емтихандар бір жылдан астам уақыт өткізілмеген, сәйкесінше аудиторлардың сертификаттары берілмейді.

Мамандар сондай-ақ емтихан қабылдау функциясын беру кезінде Қаржы министрлігінде 6 сертификаттау пәні бойынша аккредитация алған 25 компанияның жабылуына әкелетінін атап өтті.

«Бұл жұмыс үшін қызметкерлердің тұтас штаты жалданып, емтиханға билеттерге арналған модульдер әзірленді. Бұған кеткен шығын 2-3 млн теңгеден кем емес. Бірыңғай орталыққа көшу осы қызметпен айналысатын адамдарды жұмыс орындарынан айырады, сондай-ақ аккредиттелген компаниялардың табысын айтарлықтай төмендетеді. Болашақта біздің компаниялардың толық жабылу қаупі бар, өйткені еретңгі күні бірыңғай орталық жанынан өздерінің оқу орталықтары ашылады деп ойлаймыз. Онда бухгалтерлерге жүгінген тиімді болады (оқыту және емтихан бір орында жүргізіледі)», – деп есептейді кәсіпкерлер.

Кеңес төрағасы, Кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев 2022 жылғы 19 мамырдағы бизнес өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін кез келген іс-әрекет мемлекетке қарсы қылмыс ретінде қаралуға тиіс екенін атап өткенін еске салды. .

Жиында кедергі фактісін тану туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты мәселе кедергілер картасына енгізілетін болады, деп атап өтті ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Асқар Кішкембаев.

Еске салсақ, кедергілер жөніндегі кеңес краудсорсингтік алаң болып саналады. Онда бәсекелестікті дамыту үшін кедергілерді жою шаралары қаралып, пысықталуда. Кеңес 12 мүшеден, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің бір өкілінен, сондай-ақ, бизнес, азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылардан тұрады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер