«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес-омбудсмен Петропавл қаласында кәсіпкерлерді жеке қабылдады

2022 жылғы 18 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
12146 просмотров

18 сәуірде Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Бірінші кезекте бизнес-омбудсмен облыстық соттың төрағасы Ербол Жанғазинмен, облыс прокуроры Бағбан Тайымбетовпен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Жарқын Ғалымовпен кездесті. Осы кездесулер барысында кәсіпкерлерден облыстың мемлекеттік органдарының іс-әрекеттеріне қатысты түскен шағымдары, өңірдің «Іскерлік ахуал» рейтингіндегі көрсеткіші және облыстағы сыбайлас жемқорлық деңгейі талқыланды.

Атап айтқанда, Рустам Жүрсінов Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының сотпен, прокуратурамен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп атқарған жұмысына оң баға берді. Дегенмен, өңір кәсіпкерлері МСҚБ қызметіне қатысты біршама шағым айтты, аталмыш мекеме өз қызметімен жергілікті биліктің, сондай-ақ жер қатынастары мәселелері бойынша жауапты мемлекеттік органдардың жұмысына нұқсан келтіреді, бұл әсіресе жер учаскелерін беру барысында конкурстар өткізу санының жеткіліксіздігіне, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелеріне қатысты. Бизнес-омбудсмен прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшыларынан осы мәселелерді шешуге ерекше назар аударуды сұрады.

Бұдан әрі Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Палата алаңында кәсіпкерлердің жеке қабылдауын өткізді, қабылдау барысында кәсіпкерлер өздері үнемі тап болатын өзекті мәселелерді көтерді. Жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттеріне қатысты сөз қозғалды.

Мысалы, жеке кәсіпкер Мұрат Карбузов бизнес-омбудсменге кәсіпкерлік қызмет субъектілері алдындағы өзінің шарттық міндеттемелерін орындамайтын «Коммунхоз» МКК-на қатысты шағымданды. Өткен жылдың наурыз айында кәсіпкер мен «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ «Коммунхоз» МКК арасында бейнебақылау қызметтерін ұсыну туралы шарт жасалды.

«Біздің кәсіпорын бейнебақылау қызметтерін ұсынумен айналысады. Қазіргі уақытта бізде бір қиындық туындап тұр, атап айтқанда Коммунхоз соңғы алты айда орындалған жұмыс үшін ақы төлемей отыр. Мекеменің берешегі 2 160 000 теңгені құрайды. Менің өтінішіме ТКШ бөлімі ақша бөлінбей жатыр деп жауап берді», - деді Мұрат Карбузов.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев атап өткендей, «Коммунхоз» МКК-ның басқа кәсіпкерлермен шарттық қатынастары бойынша да осындай жағдай қалыптасқан.

«Бүгінгі таңда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға қатысты 18 атқарушылық іс жүргізу қозғалды, бизнес субъектілері алдындағы жалпы қарызы 400 млн.теңгеден асады, яғни бұл бірлі-жарым жағдай емес. Бұл мәселені алдын ала қарап, біз ЖАО-ға пайда болған берешектерді өтеу үшін қаражат бөлуді қамтамасыз ету бойынша жәрдем көрсетуді ұсынамыз және нақты осы жағдай бойынша сот тәртібімен немесе нотариустың атқарушылық жазбасын жасау арқылы берешекті өндіріп алу бойынша жәрдем көрсетуге дайынбыз», - деді Жеңіс Қазиев, ол осы проблеманың жүйелілігін атап өтіп.

Қабылдауға қатысқан Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Әмрин «Коммунхозға қатысты осындай ерекше жағдай орын алғанын» және облыс басшылығы бұл жағдайды біліп отырғандығын растады.

«Бұл мәселені бірнеше кәсіпкер көтерді. Мәселе заңнама аясында сот тәртібімен шешіледі», - деп атап өтті Дархан Әмрин.

Алайда, мұндай жауап бизнес-омбудсменді қанағаттандыра қоймады.

«Біздің міндетіміз - сот шешімін шығару емес. Бірнеше миллион долларлық қарызы бар Коммунхоз осы уақытқа дейін қалай келісімшарт жасасып келгенін түсіне алар емеспін. Демек, ол қарызға батқан үстіне батып жатыр!»- деп атап өтті Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов.

Басқарма өкілі болса бұған дейін мемлекеттік кәсіпорынмен мұндай проблемалар туындамағанын және қарыздардың басым бөлігі жолдарды қысқы күтіп ұстау бойынша қалыптасқандықтан, соңғы уақытта ғана осындай жағдай орын алғанын айтып ақталды.

Бизнес-омбудсмен жергілікті атқарушы органдар мен бюджет комиссиясына бюджетті кезекті түзетуді қарау кезінде кәсіпкерлер алдындағы 400 млн теңге мөлшеріндегі берешекті өтеуге қаражат қарастыруды ұсынды. Ал кәсіпкерлер палатасы мен СҚО бойынша омбудсмен кеңсесіне берешекті өндіріп алу бойынша сот өндірісін бастау, осындай өтініштерге талдау жүргізу және бюджет комиссиясының қаражат бөлу мәселесін бақылау тапсырылды.

Алайда бизнес-омбудсменнің қабылдауына келген «KYZYLZHAR BUSES» ЖШС өкілі Наурызжан Исмаилов Петропавл қ. залалды әлеуметтік-маңызды автомобиль қатынастарын субсидиялау шартына сәйкес субсидияларды төлеу бойынша мәселені шешуді сұрады, бизнес өкілінің шағымын тыңдаған бизнес-омбудсмен ЖАО-да бюджетті жоспарлау сапасына қатысты проблемалар бар деген қорытынды жасады. Әйтпесе, кәсіпкерлер алдындағы көп мөлшердегі қарызды қалай түсіндіруге болады?  

Петропавл әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде (Тасымалдауды ұйымдастырушы) «KYZYLZHAR BUSES» ЖШС тасымалдаушысы алдында бес қалаішілік маршрутқа - №2, 4а, 7, 16 және 27 қызмет көрсеткені үшін 2021 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін залалды әлеуметтік-маңызды маршруттарға субсидиялар бойынша 211 202 920 теңге қарыз қалыптасты.

«Өткен жылы қалалық әкімдікте біздің кәсіпорын алдында шығынды маршруттарға қызмет көрсету үшін шамамен 211 млн теңге берешек пайда болды, биыл да берешек өсіп жатыр. Біздің өтінішімізге ТКШ бөлімі тіпті жауап бермейді де, қаржы бөлінбейді деп құтылады. Менің ойымша, олар бұл мәселені алдын ала толық пысықтамаған», - дейді тасымалдаушының өкілі Наурызжан Исмаилов. 

Кәсіпкер мен басқарма және ТКШ бөлімінің өкілдерін тыңдап болған соң, бизнес-омбудсмен Солтүстік Қазақстандық тасымалдаушылар 140 автобусты лизингке алып, уәде етілген субсидияға қол жеткізе алмағандықтан банкротқа ұшыраған «Semey Bus» автопаркінің кебін кимеуі үшін бұл мәселені дәл қазір шешу керек екенін айтты.

«Осы қарқынмен тағы бір тоқсан жұмыс істейтін болсақ, тағы бір компанияның банкротқа ұшырағанына куә боламыз», – деп атап өтті бизнес-омбудсмен.

Бір қызығы, облыстық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мұндай маршруттарды субсидиялауға арналған барлық транштардың қалаға жіберілгенін айтады, дегенмен қаржы қаражатының әрі қарайғы тағдыры белгісіз, себебі оларды тасымалдаушылар арасында бөлумен қалалық бөлім өз бетінше айналысады, өйткені кәсіпкерлермен шарттық міндеттемелер жасасу солардың құзіретінде. Алайда, тасымалдаушылар бір ғана траншты алғандарын, яғни субсидиялар бойынша қарыз толық жабылмағанын мәлімдеді.

Өңірлік деңгейдегі осы және басқа да мәселелерді Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл облыс әкімімен кездесу кезінде көтеруге уәде берді.

«Ертең отырыс ұйымдастырып, осы мәселенің шешімін табуға тырысамыз», - деп қорытындылады бизнес-омбудсмен, сондай-ақ ол ЖАО өкілдеріне кәсіпкерлердің мәселелерін бірлесіп шешу керектігін түсіндірді, өйткені еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

Ертең Рустам Жүрсінов облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен кездеседі, мемлекеттік органдардың, өңірлік кеңестің, кәсіпкерлер мен бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің қатысуымен өтетін дөңгелек үстелге қатысады, сондай-ақ «Солтүстік фанер комбинаты» ЖШС мен ЗИКСТО зауытына барады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер