«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Студенттер бизнес негіздерін игеруде

2020 жылғы 15 Қыркүйек
- Алматы қаласы
5979 просмотров

«Тұран» университеті жанында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы және білім ордасының бастамасымен ашылған оқу орталығы жұмыс істейді

 Жуырда оқу орталығына Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев және Өңірлік кеңестің мүшесі Дмитрий Васильев келді. Мында студенттер кәсіпкерлік негіздерін онлайн оқи алады. Атап айтқанда тегін шеберлік сабақтары, курстар, тренингтер. Курс Алматы қаласындағы барлық жоғары оқу орындарының 1-4 курс студенттері үшін қолжетімді.

 «Ағымдағы жылы «Тұран» университетімен бірге оқу орталығын аштық. Онда болашақ бизнесмендерді өсіретін боламыз. Белгілі болғандай, университеттерде «кәсіпкерлік» атты мамандық оқытылмайды, бұл игерілетін дағды. «Тұран» университетіне берілген аудитория үшін алғыс білдіреміз. Палата атынан студенттерге арналған 100 оқу материалдар топтамасын сыйға бердік», – деді Нариман Әбілшайықов.

 «Оқу орталығында болашақ бизнесмендер жақсы білім алады деп сенеміз. Біз Алматы қаласының кәсіпкерлері ретінде шәкірттерімізді қолдау үшін барымызды саламыз», – деді Алматы қаласы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев.

Айта кетсек, оқу орталығы Алматы қаласы Сәтбаев көшесі 16А мекенжайында орналасқан.

 Шеберлік сабақтары, тренингтер мен курстарға Алматы қаласының әр студенті қатыса алады. Сабақтар күндіз әрі кешкі уақытта жүргізіледі.

Орталықтың кестесін Facebook және Instagram желілерінен білуге болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер