«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнес объектілеріне тексерулер жүргізілетінін ескертеді

2020 жылғы 05 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
6494 просмотров

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бизнес объектілері жұмыс істеуге дайындыққа бағалаудан өтуі керек. Қазақстанның барлық өңірінде бизнес нысандары карантин талаптарын бұзушылыққа тексерілетін болады. ШҚО Кәсіпкерлер палатасы тексеру жүргізудің алгоритмі мен кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды түсіндіріп жатыр

 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚТЫ БАҒАЛАУ

 ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 18 мамырдағы №21-3/05-2417  тапсырмасын орындау мақсатында карантин кезінде жергілікті атқарушы органдар бизнес объектілердің жұмыс істеуге дайындығын бағалау үшін мониторингтік топтарды құрады.

Бұл үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылаудың аумақтық департамент мамандары, жергілікті атқарушы органдар және басқа мүдделі тараптар тартылады. Бұзушылықтар анықталса ҚР заңнамасына сәйкес шаралар, тіпті объектіні жабуға дейін шара қолданылады.

Осыған байланысты ШҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдеріне түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

 Объектілердің жетекшілері қызметін жаңартуға дайындығы туралы хабарламаны әкімдіктер жанындағы жедел штабтарға жіберуі керек (2-қосымшаны қараңыз).

 Кейін кәсіпкерлік объектісіне мониторингтік топ келеді де бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес жұмыс істеуге қойылатын санитарлық талаптардың сақталуын, жұмысқа  дайындықты бағалайды. Осы ретте аудиторлық компаниялармен келісімшартқа отырған объектілердің дайындығын бағалауды санитарлық-эпидемиологиялық аудит саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енген санитарлық-эпидемиологиялық аудиторлар жүргізуі мүмкін.

Мониторингтік топтар апта сайын тексеруге шығу кестелерді дайындайды. Тексерулердің мақсаты –  бас санитарлық дәрігерлердің шешімдерінің бұзушылықтарын анықтау, сонымен қатар карантиннің бұзылуы туралы тұрғындардың шағымдарына әрекет ету.

 «Объектілерге бағалау мониторингі жоспардан тыс тексеру ретінде жүргізіліп, ол туралы кәсіпкерге алдын ала хабарлама берілмейді және тексеру актісі  тіркелмейді. Келесі жұмыс күні ішінде тексеру актісі Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады», – деді ШҚО ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Әлия Мұқашева.

 Тексеру нәтижесі бойынша Тексеру актісі немесе санитарлық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері туралы аудиторлық есеп рәсімделеді. Аудиторлық есеп бүкіл карантин уақытында жарамды, бірақ алты айдан артық емес.

 Инфекциялық бақылау қызметі бар медициналық мекемелер (аурухананың эпидемиологы), сондай-ақ ведомстволық қызметі бар немесе санитарлық-эпидемиологиялық құрылымы бойынша маманы бар шаруашылық жүргізуші субъектілер аудиторды тартпай-ақ, өздігінен объектінің дайындығы туралы акт жасай алады (1-қосымшаны қараңыз).

Тексеруден босатылған объектілерге тексеру егер қызметкерлер арасында коронавирусқа оң нәтиже белгілері шыққан жағдайда тексерілетін болады.

«Кәсіпкерлер бұл тексерулер карантин режиімн сақтауға қатысты жүргізілетінін есте сақтағаны жөн», – деді Әлия Мұқашева.

 

Фото: Mosday.ru

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер