«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бухгалтерге жұмыссыз қалмау үшін не істеу керек?

2019 жылғы 22 Тамыз
- Алматы қаласы
6103 просмотров

Сарапшылар үнемі біліктілігін арттыру керек деп санайды. Ал Алматыдағы бухгалтерлер клубында мұны сапалы және тегін жасауға болады.

ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы Бухгалтерлер клубының кезекті XXXVI кездесуі өтті. Спикер болып бухгалтерлер мен кәсіпкерлерге арналған Учет.kz ақпараттық портал жобаларының жетекшісі Елена Розинкина сөз сөйледі, ол Қазақстан Республикасының аудиторы, халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом иегері (ACCA DipIFR), Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері.

Клуб мүшелері жиын барысында бизнестің негізгі көрсеткіштерін талқылап, қаржылық есептіліктің диагностикасы неден басталады және компанияның қаржылық жағдайында қалай баға беру керектігін талқылады.

«Біздің елімізде сұранысқа ие мамандықтар мен бос жұмыс орындарына үнемі мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, 2013-2015 жылдары бухгалтер мамандығы үшінші орында болса, ал өткен жылдың қорытындысы бойынша сұраныс айтарлықтай қысқарып, бухгалтерлерлік мамандық сегізінші орынға жайғасты», - деді Елена Розинкина.

Спикердің айтуынша, HeadHunter компаниясының зерттеу қызметінің мамандары еліміздегі сұранысқа ие мамандықтар рейтингін жасаған. Олардың мәліметтері бойынша, ең қажетті мамандар – бұл еліміздің IT-индустрия саласы екен. Қазір нарық кәсіби әзірлемелерді қажет етеді. Бұл ретте сату мен маркетинг ұзақ уақыт бойы өзінің жетекші позицияларын тапсырмайды, алайда сандық технологиялармен бірге жүреді. Бухгалтерлер мен әкімшілік қызметкерлерге келетін болсақ, болашақта бұл мамандықтар нарықта аса сұранысқа ие болмайды.

«Егер сіз сұранысқа ие бухгалтер болып қалғыңыз келсе, онда жиі салық салу мәселелері бойынша бухгалтерлік есеп саласында өз біліктілігіңізді арттырып отыруыңыз тиіс. Ал ең дұрысы-бухгалтер мамандығына қосымша қаржылық есептілік бойынша да білім алып отырған жөн», - деді ол өз сөзінде.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс берушілер тарапынан бес маңызды талаптар анықталған. Олар халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес есеп жүргізе алатын, бюджеттеумен, жоспарлаумен тиімді жұмыс істеу дағдысын меңгерген, тәуекелдерді анықтай алатын және қысқа мерзімді шешімдер қабылдай алатын, техникалық, этикалық және жеке құзыреттері бар, есептілік жасай алатын ғана емес, қаржылық жағдайды - өтімділік, рентабельділік және өзге де көрсеткіштерді, олардың динамикасын талдай алатын мамандар қажет.

Спикер қатысушыларға негізгі қаржылық көрсеткіштерді бақылау, өтімділік пен төлем қабілеттілігіне талдау жасау, қаржылық жағдайды талдау, қаржылық есептілікті диагностикалау және т.б. салалар бойынша егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Шара соңында бухгалтерлер клубының әрбір қатысушысы «Учет.kz» портал атынан «Кәсіби бухгалтер» сертификаттау бойынша сағаттарды есепке алу құжаты болып табылатын іс-шараға қатысу туралы сертификаттарын  алды.

«Бүгінгі тақырып өте қызықты - негізгі қаржылық көрсеткіштерді бақылау саласына қатысты. Отырысқа 80-ге жуық қатысушы жиналды. Ал жиынға келе алмаған адамдар Фейсбуктегі парақшасындағы «Бизнес в Алматы» және Кәсіпкерлер Палатасының «Бухгалтерлер клубы» беттеріндегі тікелей эфирді көруге мүмкіндік алды. Біздің клубқа қатысуға ниет білдіруші барлық азаматтарды күтеміз», - деді клуб жетекшісі, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тлеумуратов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер