«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ереванда «Еуразия апталығы» ІІІ халықаралық форумы өтеді

2018 жылғы 20 Тамыз
3383 просмотров

2018 жылы 22-24 қазан аралығында Еуразиялық экономикалық одағы Ереванда (Армения Республикасы) «Еуразия апталығы» ІІІ халықаралық форумын ұйымдастырады

Еуразия апталығы – жыл сайын ұйымдастырылатын, ЕАЭО экономикасы, инвестициялық және экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған іс-шара. Алдыңғы 2 форумның қорытындысы бойынша Одақтың интеграциялық бірігуіндегі негізгі іскерлік шара ретінде дәлелденді.

Форумның іскерлік бағдарламасында іс-шараларды негізгі үш бағытта өткізу жоспарланған – стратегиялық, салалық және бизнес трек; оған билік органдары мен бизнестің өкілдері, дамыту, қаржылық реттеу институттарының мамандары, ЕАЭО мүше-мемлекеттер мен Одақтың серіктес елдерінен сарапшылар шақырылып, 2,5 мыңнан астам қатысушы болады деп болжанады.

Еуразия апталығының шеңберінде әлемдік сын-тегеурінді ескере отырып ЕАЭО келешегін, Еуразиялық үлкен серіктестік, өнеркәсіп саласындағы өңіраралық ынтымақтастық, Одақ аумағындағы бәсекелестік, криптовалюта әлеуеті мен цифрлық экономиканың атрибуттары, бірыңғай стандарттарды дайындау және заңнама гуманизациясын талқылау, кооперацияға зиян келтірместен салық әкімішіліктендіруі жайлы бизнес-диалог құру жоспарланған.

Салалық сессиялар мен талқылаулар кооперацияны дамытуға және ақпараттық технология, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, фармацевтикалық тауарлар мен медициналық бұйымдар нарығы, зергерлік бұйымдар мен жарықты техникалық өнім саласындағы экспорттық мүмкіндіктерді ұлғайтуға бағытталады.

Мұнымен қоса, Еуразия апталығы алаңында ЕАЭО-ның экспорттық және кооперациялық әлеуеті бойынша сессиялар мен талқылаулар қарастырылған, сондай-ақ алты әлеуетті саладан 120-дан астам компания қатысатын ауқымды көрме жоспарда бар:

  • органикалық ауыл шаруашылығы;
  • жоғары технологиялы жеңіл өнеркәсіп;
  • құрылыс материалдарының өндірісі;
  • фармацевтика және медициналық жабдық;
  • өнеркәсіпке арналған технология (IT, нақты инженерия, прибор құрастыру және т.б. оса алғанда);
  • зергерлік сала.

Қалыптасқан үрдіспен «Еуразия апталығында» ЕАЭО серіктес елдерімен ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Негізгі іс-шара биыл мамыр айына Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім жасалған Қытайға, сонымен қатар еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісім жасалған Иранға арналған.

Еуразия апталығы – кәсіпкерлердің ұлттық және ұлтаралық деңгейдегі реттеушілерімен тікелей диалогына арналған, кәсіпкерлерде туындайтын тәжірибелік мәселелерді шешуге, ЕАЭО мен үшінші елдерде іскерлік байланысты кеңейтуге мүмкіндік беретін алаң.

Форум – отандық кәсіпкерлерге мазалаған сауалдарға ЕАЭО және үшінші елдердің билік органдары мен даму, қаржылық реттеу институттарының өкілдері, сарапшылардан тікелей жауап алудың мүмкіндігі.

Мұнымен қоса, Форум түрлі мемлекеттерден келетін өндірушілер мен өнім жеткізушілер барынша пайдалы ақпарат алып, ЕАЭО нарығында табысты бизнес жүргізуде іскерлік байланысты кеңейтулері үшін жалпы тәжірибелік шешімдерді іздеуге және бизнесті дамытуға ықпал етеді.

«Атамекен» ҚР ҰКП отандық компанияларды іскерлік байланысты реттеу, ЕАЭО мүше мемлекеттердегі бизнес-орта өкілдерімен кооперацияны дамыту, отандық өнімді өткізу нарығын үлғайту мүмкіндігін пайдалануға шақырады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еуразия апталығы» форумына қатысу тегін екенін хабарлайды, тек www.eurasianweek.com ресми сайтында тіркелу керек.

Халықаралық форумға қатысты ақпаратты www.eurasianweek.com ресми сайтынан алуға болады.

Мұнымен қоса, Еуразия апталығының көрмесіне қатысу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне хабарласу керек: 8 (7172) 919 373.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер