«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Абылай Мырзахметов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

2017 жылғы 15 Желтоқсан
3401 просмотров

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлер мен бизнес құрылымдардың өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыстады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Награда ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.  

Премьер-Министр Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Тәуелсіздіктің 26 жылы ішінде еліміз ұзақ жолды артқа тастады. Қазақстан ауқымды экономикалық және әлеуметтік міндеттерін табысты шешіп, әлемдік қауымдастыққа тең құқылы серіктес ретінде кірді», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстанның игілігі үшін адал еңбек етіп жүрген нағыз кәсіби мамандар болмаса, қол жеткізген барлық жетістіктерге жету қиын болар еді.

Салатанатты марапаттау рәсімінде Премьер-министр «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовке ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін табыстады.

«Парасат» ордені — ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаровқа, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярға, «Құрмет» ордені — ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары Рауан Тілеулинге, ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мадина Әбілқасымоваға, «Verny Investments Holding» ЖШС бас директоры Ерлан Оспановқа, «Verny Investments Holding» ЖШС қаржы директоры Федор Попандопулоға, ҚР қаржы министрлігінің Ішкі аудит комитетінің төрағасы Аниятолла Сәрсеновке, «Алмас» РМК директорының орынбасары Анатолий Слободянюкке берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер