«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Рустам Жүрсінов: «Бизнестің мүддесі – мемлекеттің мүддесіне айналуы керек»

2017 жылғы 23 Қараша
3579 просмотров

Бизнес пен мемлекеттің арасындағы дау – стреске апарады

ҚР Бас прокуратурасы мен «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» атты  Бизнесті қорға бойынша ІІ форумда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов Бас прокуратурамен бірге атқарылған жұмыс нәтижесіне шолу жасап, келер жылдың жоспарымен бөлісті.

 2016 жылдың шілдесінде өткен І форумда бизнесті қорғау жұмыстары бойынша «Жол картасы» қабылданған болатын.  Бүгінгі күні осы Картада көрсетілген 114 бөлімнен тұратын жоспардағы қандай шаралар орындалды, қандай шаралар шешілмеген, атқарылған жұмыс кәсіпкерлерге әсерін тигізді ме, сонымен қатар форумда елдегі бизнес-ахуалды жақсарту жолындағы келешектегі жоспарлар мен міндеттер легі қаралды. ҰКП Басқарма Төрағасы Рустам Жүрсінов "Жол картасы" 6 тарау 64 нақты шарадан тұратынын хабарлады.

«Бүгін заңдарды ізгілендіру туралы көп айтылды. Рас, атқарылған жұмыс аз емес,  осы мүмкіндікті пайдаланып, заң жобасын оңтайландыру бойынша пайдаланып кәсіпкерлер атынан алғыс айтқым келеді. Алайда, Бизнесті қорғауда мемлекеттік қолдау шаралары мен бақылау-қадағалау функцияларының қысқаруына қарамастан, әкімшілік жазаға іліккен кәсіпкерлер саны кемімей отыр. 2015 жылы 186 мың, 2016 жылы – 240 мың болса, 2017 жылдың 9 айында 300 мың кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған», – деді Рустам Жүрсінов.  

Спикер қай бағытта қозғалу керек екеніне нақтырақ тоқталып өтті.

«Біріншіден, кодексте бап саны өте көп, оларды азаматтық-құқықтық негізге шығару керек немесе кінәлілерді тәртіптік формада жазалау керек. Екіншіден, формальды құрамды баптар көп. Үшіншіден, тәркілеу белгілі бір әдіссіз жүргізіледі, тек субъекті негізде – тәркілеу 69 құрам бойынша орын алып отыр. Төртіншіден, Кодекс құрамдарына құқық бұзудың нақты тізбесі жоқ. Мәселен, 425 бапта санитралық-эпидемиологиялық  саласында нормативті-құқықтық актілер бұзылған»,  – деді Рустам Жүрсінов.

 

 Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша санитарлық нормалар, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттерде мыңдаған талап бар, оның кез келгені бойынша 1 бап бойынша жазалауға болады. Осыған орай "Атамекен"  кодекстегі осындай құрамдарды алып тастау бойынша жұмыс жүргізетін болады. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне енгізілетін негізгі ережелер бойынша ауқымды ақпараттық жұмыс атқарылады.

Рустам Жүрсінов  шығындар келтіру мен ауыртпалық жүйесі дұрыс жұмыс істемейтінін айтты. Бизнеске «жағымсыз» әсер келтірген  шенеуніктер өз қателіктері үшін әдетте жауапкершілікке тартылмайды. Мәселен Ұлттық палата жүйесіне 20 мын өтінім түскен, оның ішінде 8 мыңы расталды. Прокуратура экономика саласында 23 758 бұзушылықты анықтаған, қадағалау актілері бойынша 3 597 заңсыз акт алынып тасталып, өзгертілді.

Алайда, 2016 жылдың өзінде өкілетті қызметкерлердің заңсыз жұмысы бойынша 44 920 шағым түскен, осы ретте тәртіптік жауапкершілікке тек 17 шенеунік тартылған,  әкімшілік жауапкершілікке 15 шенді тартылған. 2017 жылдың бірінші жартысында шағымдар саны 18 077 бірлікті құрады, онің ішінде тәртіптік жауапкершілікке – 6, әкімшілік жауапкершілікке 20 мемлекеттік қызметкер тартылған.

«Қылмыстық кодекс баптары бойынша кәсіпкерлер құқығын бұзуға қатысы бар 68 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Біздің ұсынысымыз: зардап шеккен кәсіпкерлер мен жазаланған өкілетті қызметкерлер саны арасында теңгерімсіздікті жою үшін нақты шаралар қажет. Бизнес пен мемлекет арасындағы дау бойынша сот тәжірибесін талдау керек. Мұнда да теңгерімсіздік орын алған. Көп жағдай сот шешімі мемлекет пайдасына шешіледі. Әсіресе салық және басқа да төлемдерді талап ету істерінде теңгерім жоқ. Бизнес пен мемлекеттің арасындағы дау – стреске апарады», – деді Рустам Жүрсінов.

Алдын ала мәліметтер бойынша салық органдарының қызметімен келіспеу бойынша кәсіпкерлер соттағы талабын қанағаттандыру көрсеткіші тым төмен шамамен 20-30% (2014 жылы –31% (807 өтінімнің 251-і), 2015 жылы – 30% (805 өтінімнің 243 -і),2016 жылы 22% (1355 өтінімнің 304-і қанағаттандырылды).

Сот жүйесі «екі түбі»  бар жүйе ретінде бағалануда. Формальді түрде әділ сот сақаталды, алайда перде артында бюджетті толықтыру  бойынша және басқа да фаткорлар  орын алған.

«Осы ретте Бас Прокуратурамен бірлескен жұмыс аясында кәсіпкерлердің нақты мемлекеттік органдары – жергілікті атқарушы органдар, салық және кеден қызметі, сатып алу саласындағы органдар, банкроттық, экология органдарымен сот дауларының заңдылығы бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізу жоспарланған. Біздің көздегеніміз: Бизнестің мүддесі – мемлекеттің мүддесіне айналуы керек», – деді спикер.  

 Рустам Жүрсінов  шығындар келтіру мен ауыртпалық жүйесі дұрыс жұмыс істемейтінін айтты. Бизнеске «жағымсыз» әсер келтірген  шенеуніктер өз қателіктері үшін әдетте жауапкершілікке тартылмайды. Мәселен Ұлттық палата жүйесіне 20 мын өтінім түскен, оның ішінде 8 мыңы расталды. Прокуратура экономика саласында 23 758 бұзушылықты анықтаған, қадағалау актілері бойынша 3 597 заңсыз акт алынып тасталып, өзгертілді.

 

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында  Мемлекет басшысы әлем өзгеріп жатқанда бұрынғы таным мен ойлауды сақтамау алдыңғы орынды иелену мүмкін еместігін атап өтті. Осыған орай Кәсіпкерлер этикасы кодексін дайындау ұсынылып отыр. Бұл бизнес субъектілерінің моральдық, танымдық және этикалық қағидаларын реттейтін ережелер жүйесі болмақ», – деді спикер.

Рустам Жүрсінов процесстерді цифрландыру қажет, екенін айтты, бұл бизнес үшін кедергілерді азайтады және алып тастайды.

Елбасы экономиканы дамыту үшін цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл бәсекелік қабілетті арттырып, халықтың өмір сұру сапасын жақсартады. Біз электронды кодекстерді жасап, талдау мен шешім қабылдау үшін жасанды интеллектіні қосып, құқықтық және нормативті жүйені «цифрлық рельске» қоюды ұсынамыз. Бұл артық реттеу, құқықтық норма мен сыбайлас жемқорлықтың бір мәнді еместігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді" - деді спикер. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер