«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көктем көңілдегідей емес: Қазақстанның бірнеше өңірінде 2 243 үйді су басты

2017 жылғы 21 Сәуір
- Астана қаласы
11290 просмотров

Республикамыздың су тасқыны қауіпті өңірлерінде авариялық-құтқару, алдын алу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр

ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, жүргізілген іс-шаралардың арқасында 1458 тұрғын және саяжай үйлерінен тасқын суды сору және бұру жұмыстары жүргізілді. 5126 эвакуацияланған тұрғын өз үйлеріне оралды.

Ақмола облысында су тасқыны кезеңінің басынан бері су басқан 980 үйдің 908-інен су кетті.

Қарағанды облысында су басқан 140 үйдің 96-сынан су кетті.

Қостанай облысында су астында қалған 103 үйдің 77-сінен қазіргі уақытта су сорылды.

Шығыс Қазақстан облысында су астында қалған 19 үйдің 10-ынан су кетті.

Бұған дейін тасқын су басқан тұрғын үйлерден су сорылды, олар Солтүстік Қазақстан (146), Жамбыл (13) және Ақтөбе (206) облыстары.

Республика бойынша 154 тұрғын үй (Ақмола – 72, Қарағанды – 44, Қостанай – 26, Шығыс Қазақстан – 9, Ақтөбе– 3 облыстары) және Ақтөбе облысында 644 саяжай үйлері су астында қалып отыр.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында адамдарды эвакуациялау, суды сору және бұру, халықты құлақтандыру, габиндерді орнату, қаптарды дайындау және төсеу, инертті материалдарды төсеу, су бұру арналарын қазу, тұрғындар мен коммуналдық қызметтердің жұмысшыларын өткізу және олармен еріп жүру, халыққа азық-түлікті жеткізу,патрульдеу және су деңгейіне мониторинг жүргізу, қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары жүргізілуде.

Қауіпті учаскелерде қосымша 26358 метр уақытша бөген тұрғызылды, 166639 дана қапқа инертті материалдар салынды және төселді, 1102180 текше метр су сорылды.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге бір тәулік ішінде ТЖ комитетінің бөлімшелерінен, жергілікті атқарушы органдарынан, жергілікті полиция қызметінен, Ұлттық ұланнан және тартылған ұйымдардан 1797 адам, 312 бірлік техника, су сору құрылғылары және жүзу құралдары жұмылдырылды.

Автомобиль жолдарының 124 жол учаскесін еріген қар суы және тасқын тасуы орын алды, олар: Қарағанды (35), Ақмола (33), Павлодар (17), Солтүстік Қазақстан (12), Қостанай (12), Шығыс Қазақстан (9), Ақтөбе (6), Жамбыл (2), Оңтүстік Қазақстан (1) облыстары.

Автомобиль жолдарының 28 учаскесінде жол торабын су шайды, олар Қарағанды - 9, Ақмола облысында - 8, Қостанай – 5, Солтүстік Қазақстан – 3, Павлодар – 2, Шығыс Қазақстан - 1.

4 учаскеде автожол көпірлерінің құрылысы деформацияланды, олар Қарағанды облысында – 2, Ақмола – 2.

Қарағанды облысындағы 1 темір жол учаскесінде темір жол төсемі арқылы су тасып жатыр.

Болжам жасайтын қызметтердің деректері бойынша республика аумағында Алматы облысының өзендерінде жаңбыр жаууы ықтимал деген болжамға байланысты еріген қар-жаңбыр суларының тасуы, беткейлі ағынның қалыптасуы күтілуде. Шығыс Қазақстан облысының өзендеріндегі су деңгейі күрт көтерілуі ықтимал. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының еріген қар-жаңбыр суларының тасуы, беткейлі ағынның қалыптасуы күтілуде.

Ақмола облысының өзендерінде су деңгейінің көтерілуі, су шаю және су басу сияқты көктемгі процестер болуы күтіледі.

Су тасқыны жағдайының қиындауына байланысты Қарағанды облысының Нұра ауданы әкімінің 2017 жылғы 22 сәуірдегі шешімімен Нұра ауданының аумағында жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланды.

Ақмола облысы

Тасқын су басталғалы бері Атбасарда 454 тұрғын үй су астында қалып, Атбасар мен Сандықтау аудандарында 1 379 адам құтқарылды. Тасқын болған жерден 359 мал басы қауіпсіз жерге шығарылды.

Сандықтау ауданында 327 үйді су басып, 104 су кірді. Тасқын болған жерден 852 адам құтқарылды, 190 адам өз үйлеріне қайтты. Сондай-ақ, 996 мал басы мен 2287 құс қауіпсіз аймаққа жеткізілді.

Еске салсақ, облыстағы 20 кәсіпорын тұрғындарды көшіру үшін техника мен жұмысшыларды жеткізген.

15 шаруа қожалығы мен агроқұрылым 300 мың теңгеден аса сомада қаржылай көмек көрсетті. Атбасар қаласындағы 60 дүкен зардап шеккендерге азық-түлік жөнелтті.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы филалы мен аудандық Іскер әйелдер кеңесінің қызметкері киім-кешек және азық-түлікпен көмектесті. Өңірлік палата да тыс қалмай, тасқыннан зардап шеккендерге ақша жинауды бастады.

UPD: Ақмола облысында тасқын басталғалы бері 980 үйдің 85 үйі судан тазартылды.

Қостанай облысы:

Барлығы 4 елді мекеннің  36 үйі мен ауласын тасқын су басты.

Қарасу ауданының аумағында қардың тез еруінен су астында Жамбыл ауылы қалып отыр. 22 үй мен ауланы су басқан, 200 метр ұзындықтағы 4 су ағатын арық қазылды.

Үйлерді судан құрғату, су сору жұмыстары жалғасып жатыр,

UPD: Қостанай облысында 103 үйді су басқан, бүгінде 33 үйден су тазартылған.

Ақтөбе облысы:

Облыста 47 саяжай үйі мен ауланы су басқан. ТАсқын басталғаны 1 907 адам құтқарылған.

Кеңес Нокин атындағы ауылда Қарғалы өзенінің су артуына байланысты «Надежда» бақшалық ұжыммының саяжайлық ауласына су тасқынының қаупі төнім, 11 адам құтақрылды, оның ішінде 5-еуі балалар.

Садовый ауылында «Солнышко», «Нефтянник», бағшалық ұжымдарының 47 саяжай үйі мен үйлер су астында қалып, 364 адам құтқарылған, олардың 18-і балалар, 500 құмқапшық қойылды, 50 адам әрбір орынға орналастырылды, қалғандары туыстарының үйінде.

Ақтөбеде Ураинка ауылында да Қарғалы өзеннің су тасып, «Тау» демалыс базасынан 1 адам құтқарылды.

«Ақжар-1» ауылының «Мұнайшы-4», «Буровик» бақшалық ұжымында апаттық-құтқару жұмытары жүргізілді, 5 адам құтқарылды.

Солтүстік Қазақстан облысы:

Жембарақ өзенінің тасуынан Рузаевка ауылында 83 үй мен 185 аула су астында қалды. 92 мал басы суға кеткен. Жағдай анықталу үстінде.

Чистополье ауылында «Ақан-бүрлік» өзен суының көтерілуінен 19 үйді су басқан.

Раисовка ауылында Шарық өзенінің тасуы салдарынан 30 тұрғын үйді су басқан. Ақан-бүрлік өзенінен Құйған ауылында 1 үйді су басты.

Ауыртау ауданы Константиновка ауылында Бабық бүрлік өзені тасығаннан 12 жеке қоныс су астында қалды.

Гусаковка ауылында 26 жеке қонысты су басты.

Қарағанды облысы:

Бұқар жырау, Қарқаралы, Абай, Шет, Нұра аудандары ерекше назарға алынды.

Ақтөбе ауылынан 62 адам көшірілді, ал Андрейников ауылындағы 10 адам өз үйлеріне барды. Су басқан аймақтан 1 906 адам құтқарылды, 5 468 мал басы қауіпсіз жерге апарылды.

Нұра ауданы Тассуат ауылында Нұра өзенінің тасуынан 14 жеке қоныс, оның ішінде 10 үй су астында қалды, 56 адам туыстарына көшірілді.

UPD: Қарағанды облысында 140 үй су астында қалды, оның 86-сы судан тазартылды.

Павлодар облысы:

Баянауыл ауданының Жаңажолжәне Ақмектеп ауылдары мен Екібастұз ауданының Қаражар ауылындағы автожолды су шайды.

Ауылдардың тіршілігіне зиян келмеген, ауылдарға жол қатынасы бар.

Жалпы автожолдың 2 жерін су шайған, 14 жерден су тасқыны болған (5 республикалық, 11 аудандық) және Павлодар-Семей темір жолының 1 учаскесіне зақым келді.

Ақпарат, картада көрсетілген жерлер мен олардың жағдайы туралы мәлімет жаңартылады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер