«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі

2017 жылғы 24 Наурыз
- Ақтөбе облысы
8460 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасын «Табыс» коммуналдық базары кәсіпкерлерге тегін сауда орындарын беріп, қолдау жасады

 Шағын және орта бизнестің 10 субъектісі өз тауарын көпшілікке ұсынды. Ет бағыты бойынша: «Ақтөбе ет кластері» ЖШС, «Көктас» АҚ, «Сәулебаева» жеке кәсіпкерлігі, сүт бағыты бойынша: «ТАУ агрофирмасы» ЖШС, «Мартук Сүт» ЖШС қатысты. Кондитерлік және нан өнімдері бойынша өз тауарларын «Баян сұлу» ЖШС, «Атамекен нан» ЖШС, «Бекон» ЖШС, «Болат ЛТД» ЖШС, «Ақтөбефудс» ЖШС ұсынды. 

Азық-түлік базарына келген халық тауарларды сатып қана қоймай әр тауар өндірушінің жаңа өнімімен таныса алды. Өйткені ақтөбелік кәсіпкерлер тауарлар тізбегін үнемі жаңартып отырады. Өзгерістер тауар көлеміне әсер етпейді. «ТАУ Агрофирмасы» ЖШС-ның жаңа өнімдері ішінде «Милки ленд» сауда маркасымен термостатты снежок сүті, варенец, айран, қаймақ шыққан. Сүт өнімдерін шығаратын компания нарықта 1,5 жыл ғана жұмыс істеп отыр. Компаняи тауарлары Ақтөбе қаласынан бөлек Астана және Оңтүстік қазақстан облысына да тасымалданады. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырлған жәрмеңкеде екі өнім сатып алған тұтынушыларға үшінші тауар сыйға берілді.  Айта кетелік, жәрмеңкеде тауарлар заут бағаларымен саудаланды. «Біздің ұстаным – «Қамқор ана» деп аталады. Біздің басты басымдығымыз – сапалы өнім мен арзан баға. Өндірісте компания тек қана табиғи сүтті қолданады, осының нәтижесінде өнімдер пайдалы әрі дәмді», – деп мәлімдеді «ТАУ Агрофирмасы» ЖШС-ның сауда бойынша менеджері Сәкен Жұма.  

   Жәрмеңкеде бройлер тауығы етінің келісін 660 теңгеден саудалады. «Табыс» базарында «Көктас» АҚ «Ақ-құс» құс фабрикасының өз сауда орын бар. «Жұмыс күдері 200-300 тоннаға дейін  құс етін сатамыз, демалыс күндері бұл көрсеткіш 600 тоннаға дейін барады», – дейді сатушы Ләззат Қаңтарова. «Ақ-құс» құс фабрикасының Ақтөбе қаласы бойынша үш сауда нүктесі бар. Құс етінің осы маркасына деген  үлкен сұраныс еттің құрамында қажетсіз су мен мұздың болмауымен түсіндіріледі.

«Табыс» базарында өз сауда нүктесі «Ақтөбе ет кластері» ЖШС-да да бар, әзірге бұл сауда орын оларда біреу ғана. «Біздің бәсекелестерден артықшылығымыздың ішінде үш деңгейлі ветеренарлық бақылау, ерекше жем құрамы, және асыл тұқымды тауықтарды айтуға болады. Біздің компанияның «Актеп» ЖШС атты өзінің бордақылау алаңы бар», – деді «Ақтөбе ет кластері» ЖШС сауда менеджері Александр Седов. Сондай-ақ компания «халал» стандарты бойынша жұмыс істейді.

Ал «Болат ЛТД» ЖШС-ның бүкіл Қазақстан бойынша бәсекелесі жоқ. Жас кәсіпкерлер таңқұрай өсіріп, оның өндірісімен, тосап жасаумен айналысып келеді. Үш жыл ішінде таңқұрай плантациялары 1,5 гектардан 25 гектарға дейін ұлғайды. Бүгінде «Болат ЛТД» ЖШС-ның  «Дина» сауда үйі мен орталық базарда сауда нүктелері бар. Бүлдіргенге сұраныс жақсы.   Бүлдірген жинау науқанында тұтынушылар балғын өнімді  егістіктен алып кетеді, қыста оны тосап ретінде сатады.  Серіктестіктің бригадирі Қаршыға Төлегенов отандық тауардың танылуына үлес қосқаны үшін Өңірлік кәсіпкерлер палатасына  алғысын білдірді. Мұндай бастамалар отандық брендтердің танылып, жарнамалануына әсері мол.

Бұл оймен Ақтөбе кәсіпкерлер палатасы сарапшысы Владимир Сухорученко да келіседі. «Қазақстанда жасалған» бренді ортақ, бірлескен насихаттау жұмыстар арқылы танылып, таралады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер