«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлікке қадам басқанда...

2017 жылғы 27 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
6256 просмотров

Палата филиалының, кеңесшілер мен жас кәсіпкердің ортақ еңбегі өз нәтижесін берді 

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыдан жас кәсіпкерге айналу – өмірдегі жауапты қадамдардың бірі. Кәсіпкерлік қызмет жолындағы қиыншылықтарға төзуге әркімнің білімі, қайраты мен жігері жете бермейді.

Мұндай тәуекелді Шал ақын ауданы Кривощеково ауылының тұрғыны Юрий Бугаевский да өз басынан өткерді.

Кәсіпкерлік қызметті ол өткен жылы бастаған болатын. Бастапқы кезеңде оның көкейінде қаржыны қайдан алуға болады, кім көмектесе алады деген сынды саналуан сұрақ тұрды.

Жас кәсіпкер «Бизнес-кеңесші», «Бизнес-өсу» жобалары аясында өткен курстар кезінде өзін мазалап жүрген бірқатар сұрақтарға жауап алды.

Бір жыл өткен соң Юрий Бугаевский өзінің алғашқы қадамдарын былайша есіне алды: «Басында несие рәсімдеу үшін мен Жұмыспен қамту орталығына бардым. Бірақ менің өтінімдерімді мақұлдамады. Жергілікті кәсіпкер достарымның кеңесі бойынша өз құқығымды қорғау үшін Кәсіпкерлер палатасына көмек сұрап бардым». Аудандық Кәсіпкерлікті қолдау орталығындағы менеджер-консультант Р.Ибраева несиелендіру бағдарламалары бойынша кеңес беріп қана қоймай, «Ірі қара мал сатып алу және өсіру» жобасын сүйемелдеді.

Кәсіпкерлер палатасы филиалы мен аудандық прокуратура арасындағы өзара ынтымақтастық кәсіпті енді қолға алып жатқан жанның түйткілді мәселелерін шешуге көмектесті. «Жасалған меморандум аясында мен аудандық прокуратураға өтініш білдірдім. Олар Юрий Бугаевскийдің құжаттарын қабылдамауға және «Шал ақын ауданы Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік басқармасының құжаттарды қарамауына қатысты тексеру жүргізді», – дейді филиал директоры Мұхамеджан Жақсыбаев. Сол арыздың нәтижесі бойынша Орталықтың жауапты қызметкерлері жасаған бірқатар қателіктер мен заңбұзушылықтар анықталды.

Осылайша, Палата филиалының, кеңесшілер мен жас кәсіпкердің ортақ еңбегі өз нәтижесін берді. Юрий Бугаевский Ауыл шаруашылығын қолдау қорының өңірлік филиалынан 1 млн 200 мың теңге көлемінде несие алып, ірі қара мал сатып алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер