«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық және сертификат мәселелері

2016 жылғы 19 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
5460 просмотров

СҚО Жамбыл ауданының кәсіпкерлерін салық қатынастары саласындағы мәселелер толғандырып отыр

«Статистика бойынша, Жамбыл ауданының бизнесмендері Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл ауданындағы филиалына көбінесе салық қатынастары мәселелеріне қатысты көмек сұрай келеді. Олардың үлесі – 42%, құқықтық сипаттағы өтініштер – 33%, қаржылық және қаржылық емес қолдау – 25%», – деп мәлімдеді Палата филиалының директоры Наталия Лазарева.

Жамбыл ауданында «Нұр Отан» партиясының бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің өкілдері Кәсіпкерлер палатасы филиалымен, сондай-ақ бизнесмендермен бірлесе отырып, рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру жөніндегі мәселелерді талқылады. Сонымен, Кәсіпкерлер палатасына келіп түскен өтініштерді талдау барысында бірқатар мәселелер анықталды: алкогольдік өнімді үйде сату барысындағы жауапсыз бәсекелестік, ойыншықтар мен киімдерді көтерме бағамен тасымалдаушыларда Кедендік одақтың техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттардың болмауы. Филиал директоры Наталия Лазареваның айтуынша, бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда. Мәселен, «Шенеунік және кәсіпкер» кездесуі жиі өткізіліп тұрады, «Прокурор кабинеті» жұмыс тәжірибесі енгізілді. Одан бөлек, аудан прокуратурасымен бірлесіп бизнесті жүргізудегі түйіткілді мәселелерді, билік органдары тарапынан сыбайлас жемқорлық белгілерін анықтау бойынша жасырын сауалнама жүргізілуде.

Осы жылдың 8 айының ішінде аудандық филиалға 115 өтініш келіп түскен, оның ішінде 54-і құқықтық мәселелер бойынша. «Біздің бұдан арғы ортақ жұмысымыз бизнес пен биліктің тиімді серіктестігі негізінде ауданда кәсіпкерлікті дамыту үшін оңтайлы жағдай тудыру туралы мақсатқа қол жеткізуге көмек береді», – деп ойын қорытындылады Наталия Лазарева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер