«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлермен санасу керек

2016 жылғы 04 Шілде
- Павлодар облысы
9132 просмотров

Қаланың толық жоспарындағы кілтипан жеке кәсіпкер үшін қиындық тудырып отыр

Тығырықтан шығуға бизнесменге облыстық Кәсіпкерлер палатасы көмекке келді. «Амренов» ЖК бетпе-бет келген проблемалық мәселе Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында қаралды.

Мәселенің мәні мынада: бизнесмен меншігіндегі жер телімінде қала құрылысы жобаларына сәйкес, көпқабатты тұрғын үйлерді салу жоспарланған.

Сонымен бірге, Палата сарапшысы Сейфолла Қасымқановтың айтуынша, бұл жоспардың бұдан бөлек тағы да бірнеше нұсқалары бар. Олар жергілікті атқарушы органдар сайттарында орналасқан. Кеңес мүшелерін «Амренов» ЖК жер телімі туралы деректер екі нұсқада әр түрлі көрсетілгені таң қалдырып отыр. Себебі, заңнамаға сай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес мүдделеріне қатысты құқықтық актілер сараптамасын жасауы тиіс. Алайда бұл мәселе бойынша жоба қаулысы өңірлік палатаға келіп түспеген.

Кеңес мүшелері қаланың толық жоспарының біреу емес, үшеу болуы «Амренов» ЖК мен басқа да бизнес субъектілерінің бұдан арғы қызметін қиындатуы мүмкін дейді.

«Біздің міндет – бұл мәселенің қордалануына жол бермеу. Палата өкілетті органдар назарын толық жоспарды жасау кезінде кәсіпкерлердің мүдделерінің аяқ асты болмауына аударуын сұрайды. Бизнесмендер құқығы бұзылмауы тиіс», – дейді кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім басшысы Лашын Баймағамбетова.

«ЛесСтройПромKZ» ЖШС мен квазимемлекеттік сектор арасында проблема туындаған. ЖШС бірнеше жыл бойы «Ертіс-Бейнесі» МКШ-тан 1 827 806 теңге көлеміндегі қарызын ала алмай жүр.

Палата сарапшылары қарыз болған МКШ бүгінгі күні жабылу алдында тұрғанын анықтаған.

Шенеуніктер болса, өз кезегінде, «Ертіс-Бейнесі» МКШ берешекті қайтару қажеттілігі туралы өтініш бермегенін айтады. Бұл тұста Кеңес мүшелері шенеуніктердің сот актілерін орындауына селқос қарап, бизнесмендер құқығын бұзбауы керек деген жауап қайырды.

«Жоғарыда айтылған бизнесмендердің проблемалық мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға қаланың бас жоспарын түзеу кезінде бизнес құқықтарын ескеруді ұсынып отыр. Сонымен бірге, Үкімет және жергілікті атқарушы органдар резервілерін пайдалану ержелерінің 33-тармағына сүйене отырып, «Ертіс-Бейнесі» МКШ берешегін төлеуді қамтамасыз етуді немесе берешекті өтеу үшін «Ертіс-Бейнесі» МКШ жылжымайтын мүлкін «ЛесСтройПромKZ» ЖШС-не беру мәселесін қарауды тапсырып отыр», – деп түйіндеді Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Нәбиев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер