«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«World Skills»: үздік атануға берілген мүмкіндік

2016 жылғы 25 Ақпан
- Маңғыстау облысы
12608 просмотров

Ақтауда «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберлігі Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңі басталды

Байқауға аймақтағы 14 колледждің студенттері 15 мамандық бойынша қатысуда. Олар үш күн ішінде ақпараттық технология, құрылыс, кондитерлік, мектепке дейінгі тәрбие, киім дизайны, шаштараз, мейрамхана бизнесі және тағы басқа мамандықтар бойынша өздерінің шеберліктерін көрсетеді. 

Чемпионаттың ашылу салтанында сөз алған ӨКП директорының міндетін атқарушы Әсет Манов, жастарды жұмысшы мамандықты игеруге шақырып, кәсіптік және техникалық білім беру мәселесі үнемі бақылауда болатынын айтып өтті. Сонымен қатар, кәсіпкерлер Палатасы студенттерді қолдау мақсатында бизнес-семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтарын және оқуын аяқтап кәсіпкерлікпен айналысқы келетіндерге қолұшын беруге дайын екендігін жеткізді.   

«Біздің өңірде кадр мәселесі әлі де болса өткір тақырып. Бүгінде 70-ке жуық ірі кәсіпорындарда білікті мамандар тапшы. Алдын ала болжам бойынша, бір жылда мекемелерге шамамен 350 маман қажет. Студенттерді кәсіпкерлікке тарту мақсатында Жаңаөзендегі «Каспий» колледжінің жанынан бизнес-инкубатор ашылды. Колледждер жанынан кәсіптік- техникалық маман иелерін дайындау үшін, екі оқу орталығы өз жұмысын бастады. 16 мамандық бойынша 14 колледж 30 кәсіпорынмен үш жақты келісім шартқа қол қойды. Оған 402 студент белсенді қатысты», – деді ол. 

Ал чемпионатты ұйымдастырушылар болса, «World Skills Kazakhstan» байқауы студенттердің кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне деген қызығушылығын арттыратынына сенімді. 

Аймақтық байқауда жеңімпаз атанған студенттер, Астана қаласына сәуір айына жоспарланған республикалық ұлттық чемпионатқа жолдама алады. Онда іріктелген үздік команда Ресей мен Беларусь елінде өтетін «World Skills» ашық чемпионатына қатысады. Сонымен қатар, «Euro Skills» атты Еуропа чемпионаты тағы бар, ол жаз айларында Швецияның Гетеборг қаласында өткізілмек. 

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, маңғыстаулық студенттер дәстүрлі түрде екі жылда бір өтетін «World Skills» халықаралық чемпионатына да жолдама алатын мүмкіндігі бар, ол 2017 жылы Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласында жалғасын таппақ.

Аталмыш байқауларға студенттерді дайындау мақсатында, өңірлік кәсіпкерлер Палатасы колледж студенттеріне семинар-тренингтер, шеберлік сабақтарын өткізуге және бірқатар жұмысшы мамандықтарды талап ететін кәсіпорындарға саяхат ұйымдастыруға ықпал ететін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер