«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Терілер қайда кетіп жатыр?

2015 жылғы 09 Желтоқсан
12851 просмотров

Ауыл шаруашылық министрлігі және «Атамекен» елдегі былғары шикізатты қалай ұстап қалуға болатынын және қайта өңдеу кәсіпорындарын терімен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Былғары шикізатының қозғалысын бақылау мәселесіне арналған жиналысқа Ауылшаруашылық министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті, бейіндік қауымдастықтар, бизнес, сондай-ақ «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Алғаш боп ауылшаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева сөз алды. Ол түйткілді анық белгілеп, қатысушыларды оны шешу жолдарын ойластыруға шақырды. «Бүгінде Мемлекеттік табыс комитеті деректері бойынша экспортқа әкетілетін ресми түрде өтіп жатқан тері саны сойысқа жіберілген мал басы көлеміне сәйкес келмейді. Қалған тері қайда кетіп жатыр? Шикізаттың көп бөлігінің қолданылмайтыны жайлы мәселе тұр алдымызда. Түйткіл мұны мемлекеттік органдардың бақыламайтындығында болып отыр. Бүгінде шикізаттың көп бөлігі түрлі тәсілдермен шетелге әкетіледі. Оның үстіне әкету жолдары да белгілі: Қырғызстан арқылы Қытайға немесе тікелей Қытайға. Мұны қалай бақылайтынымыз жйлы мәселені шешуіміз керек. Өкінішке орай, енгізілген баждар тиісті әсерін бермейді. Екінші мәселе, саланы субсидиялау тұрғысынан осы кәсіпорындарды жүктеуге қалай көмектесеміз», - деді ол.

ҚР АШМ мал шаруашылығы департаментінің басшысы Еркебұлан Ахметов әріптесінің сөзін құптай отырып, мынадай статистика келтірді: «ІҚМ бойынша барлығы 2 млн. 536 мың дана тері өндірілген. ІҚМ былғары шикізатын өндіру – шамамен 1 млн. 294 мың дана. 158 мың дана экспортталған. Еш жерде ескерілмейтін қалған бөлігі – шамамен миллион дана тері», - деп хабарлады ол.

«400 мың дана ветеринарлық сертификат берілді. Яғни 440 мың дана өңделмеген тері сыртқа әкетілуге тиіс. Мемлекеттік табыс комитеті берген деректер бойынша, 148 мың дана әкетілген. Демек, ветеринарлық сертификаттар жазылып берілген қалған терілер, шындығында, өңделмеген тері ретінде әкетілген, бірақ баж төлемеу үшін, олар вет-блю – қайта өңделген ретінде көрсетілген. Вет-блю және краста түрінде өткізілген деп мәлімделген  миллион мен кәсіпорындарымыздың жүктелуі бойынша көрсетілген көлем арасында туындайтын айырма осы. Яғни бүгінде экспортқа әкетілетін тауарды айырбастап жіберу орын алуда. Шикі өңделмеген терілер әкетіледі. Бірақ баждан жалтрау үшін, олар дайын вет-блю ретінде жазылады», - деп жалғады сөзін вице-министр.

Гүлмира Исаева ұғымдарды мұндай айырбастап жіберуге жол бермеу үшін және шикізат барынша Қазақстан аумағында қалып, отандық кәсіпорындарда өңделуі үшін, жүйелік шаралар қолдану қажеттігін баса көрсетті.

«Бүгінде Қазақстанның былғары шикізаты нарығын монополиялап алған әрі ресми дайындау ұйымдарының жұмысын бұғаттап отырған жартылай жасырын дайындау топтары жайлы мәселені неге ешкім көтермейді?», - деп мәлімдеді ол.

Жиналыс барысында сонымен қатар бизнес өкілдері де сөз алды. Семей тері-былғары комбинатының бас директоры Жұмағазы Рахымғалиев қалыптасқан жағдайдан бір ғана шығар жолды көріп отырғанын айтып, елден теріні шығаруға тыйым салуды ұсынды. «Тері экспортына тыйым салуды бұрын да ұсынып көргенбіз, бірақ Үкімет қолдамады. Ал Беларусь пен Ресей 5-6 жыл қатарынан тыйым енгізіп келеді. Олар кәсіпорындарын қорғайды», - деді ол.

Қазақстанның Былғары шикізаты мен теріні қайта өңдеушілер қауымдастығы бас директорының орынбасары Владимир Семушкин де Қазақстаннан былғары шикізатын алып шығуға толық тыйым салуды ұсынды.

«Былтырғы жылда миллионнан сәл асатын қалдық қалғанын айтқанда, Қазақстанға 54 мың терінің импортталғанын естен шығарып аламыз. Яғни қалдыққа олар да қосылуға тиіс. Сонда шамамен 30 мың тонна заңсыз әкелінген болып отыр. Бұдан болатын бюджет шығыны 15 млн еуро – қазіргі бағаммен 5 млрд теңгені құрайды», - дейді ол.

Ауылшаруашылық министрлігі өкілдері қалыптасқан жағдайда субсидиялау тетігін қолдануды ұсынды. «Былғары шикізатының бір келісінің өзіндік құны бүгінде шамамен 300 теңге болады. Бір келіні қайта өңдеуге кететін шығын орташа алғанда 189 теңгедей, өзіндік құн - 500 теңге маңайында. Егер база үшін 300 теңгені алар болсақ және қайта өңдеуші кәсіпорындарға шамамен 30% өтейтін болсақ, осылайша олар осы шикізатты тапсырушыларға жақсы баға ұсына алар еді. Жартылай фабрикаттар өндірудің жоспарланған көлемін орташа алғанда 150 мың дана деп аламыз. Осылайша қажет қаражат көлемін шығарамыз. Негізінде, ақша жағынан бұл аса көп емес сома, алайда әсері анық білінеді. Мұнда бірден фермерлік шаруашылықтарды қайта өңдеуші кәсіпорындарға шикізат тапсыруға ынталандыруға болады, ал соңғылар өнімінің өзіндік құнын төмендете алады», - дейді Еркебұлан Ахметов.

Жиналысқа модератор болған Өңдеу өнеркәсібі хатшылығы хатшысының міндетін атқарушы Төлеген Молдахметов талқылау қорытындысын шығарды. Ол мал союдан бастап дайын былғары өнімін өндіруге дейінгі толық өндірістік тізбекті құру қажет екенін баса көрсетті. «Осылайша, өңірдегі экпизоотиялық ахуал мен өңделмеген ІҚМ терісінің «көлеңкелі» экспортына мониторинг және бақылау жүргізе аламыз. Сонымен бірге Ауылшаруашылық, Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика министрліктері, «Қазақстанның Былғары шикізаты және теріні қайта өңдеушілер қауымдастығы» ЗТБ және отандық былғары кәсіпорындары сарапшыларының қатысуымен бірлескен жұмыс тобын құру қажет деп есептейміз. Жұмыс тобының аясында АШМ шикізатты (терін) қайта өңдеушілерді субсидиялау, өңделмеген терілерді есепке алу тетігін енгізу (таңбалау) жөніндегі ұсыныстарын, сонымен қатар саланы дамытуға арналған қосымша мемлекеттік қолдау шараларын талқылау қажет», - деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер