«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмолалық «такси-блюз»

2015 жылғы 25 Тамыз
- Ақмола облысы
8275 просмотров

Палата кәсіпкердің бастамасына қолдау көрсетті

Ақмола облысы Степногор қаласындағы әкімшілік елді-мекен Заводской кентінің тұрғыны Серік Сұлтановтың ойына жеке бизнес ашу идеясы кездейсоқ келген жоқ. Өзі тұрып жатқан ауыл қаладан жиырма шақты шақырым жерде жатыр, онда Серіктің шағын жұмысы бар. Екі елді мекен арасында тікелей қатынас жоқ, ал Серік екі арада әрлі-берлі қатынай жүріп, жеке іс ашу жайлы ойланады.

«Такси бюросын» ашу керек деп шештім. Жолаушылар жеткілікті. Көптеген ауылдастарым қалаға жиі барып тұрады. Неге такси десеңіз. Шағын ғана қашықтыққа автобус жіберу тиімсіз. Тек жобаны жүзеге асыруға қаражатым болмады», - дейді ісін бастаушы кәсіпкер.

Істі созбақтамай әрекетшіл ақмолалық моноқалаларды дамыту бағдарламасы жайлы естіп, Степногор қаласының әкімдігіне ақпарат алуға барады. Сол жерден оны жергілікті Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жолдайды. КҚО сарапшылары бизнес-жоба жасауға көмектеседі. Ақырында, Серік үш миллион теңге микрокредит алады.

Кәсіпкер кеңсе ретінде үй-жай жалдап, екі жеңіл авто сатып алды. Күтілгендей, жобаның жолы болды. Бүгінде клиенттер жеткілікті. Бизнесмен жуық арада автопаркін кеңейтуді, сондай-ақ ақылы автотұрақ ашуды жоспарлап отыр. Ол Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Степногор филиалының сарапшыларымен өз ойымен бөлісті. Сарапшылар жобаны сүйемелдеуді қолдарына алып, жергілікті билік жер мәселесін шешіп беруге уәде берді. Бір айта кететіні Серіктің бизнес-идеялары түрлі деңгейлерде қолдау табуда. Оның үстіне, бизнесі әлеуметтік әсерге де ие: «Такси бюросының» арқасында он адам жұмысқа орналасты. Басқа да жоспарлары іске асып жатса, жұмыспен қамтылғандар саны екі есе артады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер