«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әлеуметтік серіктестік

«...Мемлекет пен бизнес тек экономикалық қана емес, әлеуметтік мәселелерді шешуде толыққанды серіктес болуы тиіс»

                                                                         Н. А. Назарбаев

 

Мемлекет басшысының басым міндеттердің бірі – Қазақстанды жоғары өмір сүру стандарттары бар қарқынды дамушы елдердің біріне айналдыру, әлеуметтік бағдарланған бизнес қалыптастыру болып табылады. Бүгінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі міндет емес, мұқтаж жандарға көмектесу және қол ұшын берудің  дербес шешімі мен қоғам дамуына қолдан келер үлесін қосу.

Бүгінгі күні ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар жаңа жұмыс орындарын құрып, қызметкерлер алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындайды, қайырымдылықпен айналысады, әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға нақты қолдау көрсетеді.

Әр түрлі нысандардағы әлеуметтік әріптестікті дамыту - Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы қызметінің маңызды құрамдас бөлігі. Палата мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі.Палата қызметі әр түрлі мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың қолдауы болмағанда нәтижелі болмаса еді. Сенімді әріптестік арқасында бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылды. Палатаның болашақтағы жоспарында көптеген жобаларды, оның ішінде әлеуметтік жобаларды табысты іске асыру жоспарланған.

Кәсіпкерлер Палатасына өзекті мәселелер бойынша жәрдемдесу өтінішімен тек шағын және орта бизнес субъектілерінен ғана емес, сондай-ақ қарапайым азаматтардан да тұрақты түрде өтініштер түседі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл проблемалар көбінесе әлеуметтік әріптестік жолымен шешіледі. Бүгінгі күні астаналық Кәсіпкерлер палатасы бизнес пен билік, сондай-ақ жұртшылықпен байланыс арасындағы байланыстырушы көпір болып табылады.

 

 

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер