Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен»
Надежный партнер бизнеса

О нас
Рус

Кәсіпкер сөздігі

Слово
Перевод
Описание
аудит
аудит

Мекемелер мен ұйымдардың, фирмалар мен компаниялар­ дың, жеке кәсіпкерлердің қаржылық есебін, есеп деректерін тек­ серуге бағытталған қызмет. Тексеру қорытындысында олардың жүйесі, үдерістері, жобалары немесе өнімдері туралы нақтылан­ ған мәлімет­баға жасалады. Аудиторлардың санаттарына қарай, заңнамаларға сәйкес, сондай­ақ мақсаттарға, субъектінің бағыт­ тарына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді

аудит жүргізу — проводить аудит аудиттің мақсаты — цель аудита аудиттің экономикалық мәні — экономическая сущность аудита аудиттің түрлері — виды аудита қаржылық аудит — финансовый аудит арнаулы аудит — специальный аудит бастапқы аудит — первоначальный аудит заңнамаға сәйкес келетін аудит — аудит на соответствие законодательству шаруашылық қызметінің аудиті — аудит хозяйственной деятельности тәуелсіз аудит — независимый аудит мемлекеттік аудит — государственный аудит

аукцион
аукцион

(лат. auctio — көбейту) Көпшілік алдында тауарлар мен өнімдердің жекелеген түр­ лерін сату үшін ұйымдастырылатын сауда. Кім бағаны асырса, соған сатылатын жарыс сауда. Өткізілетін орны мен мерзімі ал­ дын ала белгіленеді. Тауарлар мен өнімдердің жекелеген түрле­ рімен қатар топтап сатылуы да мүмкін. Ағылшын аукционы, гол­ ланд аукционы деп аталатын түрлері бар. Ал еркін аукцион тауар мен өнім иесінің жеке бастамасы негізінде жүргізіледі

аукцион ережелері — аукционные правила аукциондық баға — аукционная цена аукциондық нарық — аукционный рынок аукциондық сауда — аукционная торговля аукциондық тауарлар — аукционные товары ағылшын аукционы — английский аукцион голланд аукционы — голландский аукцион еркін аукцион — свободный аукцион

аул / село
ауыл

Түркітектес тілдерден қалыптасқан бұл термин қазіргі кезде тұрғылықты халық шоғырланған, саяси орталығы (әкімшілік), білім беру, денсаулық сақтау жүйелері бар ел аумағының бір бөлігі мағынасында қолданылады

алыс ауыл — далёкий / дальний ауыл / село ауыл әкімі — сельский аким ауыл мәдениетi — сельская культура ауыл мәселесi — проблема ауыла ауыл өмiрi — сельская жизнь ауыл тұрғыны — житель ауыла ауыларалық — межауыльный ауылдық — сельский ауылдық жер — сельская местность көршi ауыл — соседний ауыл / село туған ауыл — родной ауыл / село үлкен ауыл — большой ауыл / село шағын ауыл — небольшой ауыл / село

баланс
баланс / теңгерім

(фр. balance — таразы, тепе-тең) Нақты бір қаражаттың, тауардың бірдей көлемінің түсуі мен шығыны арасындағы тепе­теңдікті көрсетуге тиіс сандық ара­ салмақ

баланс / теңгерім өтімділігі — ликвидность баланса банк балансы / теңгерімі — баланс банка бухгалтерлік баланс / теңгерім — бухгалтерский баланс қаржылық баланс / қаржы теңгерімі — финансовый баланс салааралық баланс / теңгерім — межотраслевой баланс баланс / сауда теңгерімі — торговый баланс баланс / теңгерім есебінің құжаты — документ балансового отчёта баланс / теңгерім құны — балансовая стоимость

банк
банк

Қаржылық ұйым; оның қызметі ақша қаражатын өзіне тартуға және өзінде орнықтыруға тікелей қатысты. Қаражат нарығында банк есеп айырысу шараларымен қатар ақша қара­ жаты бар заңды тұлға мен жеке тұлғаның және ақша қаражат­ ына мұқтаж заңды тұлға мен жеке тұлғаның арасында делдал қызметін де атқарады.

банк қызметі — деятельность банка жинақ банкі — сберегательный банк инвестициялық банк — инвестиционный банк ипотекалық банк — ипотечный банк коммерциялық банк — коммерческий банк банк депозиті — банковский депозит банк несиесі — банковский заём банк аудиті — банковский аудит банк міндеттері — банковские обязательства банк қызметкері — сотрудник банка

банковский кредит
банк несиесі

Жекеменшіктегі немесе нақты бір іске арналған қаражаттың (капиталдың) банк тарапынан ұсынылуы. Несие, векселдерді есепке алу және т.б. түрінде беріледі

ауылшаруашылық банк несиесі — сельскохозяйственный банковский кредит инвестициялық банк несиесі — инвестиционный банковский кредит ипотекалық банк несиесі — ипотечный банковский кредит өнеркәсіптік банк несиесі — промышленный банковский кредит тұтынушылық банк несиесі — потребительский банковский кредит

банкротство
банкроттық / банкротқа ұшырау

(итал. bancаrottа; banca — банк + rotta — сынық) Ақшалай және міндетті төлемдерді төлеу бойынша креди­ тор талаптарын толықтай қанағаттандыра алмауға байланы­ сты төрелік сот тарапынан мойындалған борышкердің қабі­ летсіздігі.

ерікті банкроттық — добровольное банкротство жалған банкроттық — ложное / фиктивное банкротство заңды тұлғаның банкроттығы — банкротство юридического лица кәсіпкердің банкроттығы — банкротство предпринимателья кәсіпорынның банкроттыққа ұшырауы — банкротство предприятия мәжбүрлі банкроттық — вынужденное банкротство

бартер
баспа-бас

(фр. barater — алмастыру) Ақша төленбей бір затты екіншісіне алмастыру, «тауарға тауар» түріндегі сауда мәмілесі. Бұған байланысты келісімдер арнаулы құжатта көрсетілуі тиіс

баспа-бас мәміле — бартерная сделка баспа-бас сауда — бартерная торговля

бартер
баспа-бас айырбас

Әртүрлі мекемелер, кәсіпорындар арасында өнімдердің, қыз­ меттердің ақша төленбей айырбасталуын белгілейтін сауда мәмі­ лесі.

баспа-бас айырбас мәмілесі — бартерная сделка ішкі баспа-бас айырбас — внутренний бартер

бенефициар / бенефициарий
бенефициар / бенефициарий

Жалға беру негізінде (сенімгерлік арқылы) өз мүлкін басқа адамға тапсыратын, осы арқылы, яғни өзінің меншігін басқа адамның пайдалануынан табыс табатын жеке тұлға немесе заң­ ды тұлға. Келісімшарт сияқты заңды құжат жасалады. Өсиетнама бойынша мұрагер, аккредитиві бар адам, рента алушы, сақтанды­ ру полисі бойынша өтем алушы адам және т.б. бенефициар деп аталады

бенефициар міндеттері — обязанности бенефициара бенефициар мүлкі — имущество бенефициара бенефициар табысы — доход бенефициара

Оставьте комментарий:

Партнеры