ҰКП өкілдері

Құразов Анархан Төретайұлы
Директор
Өкілдікті құрудағы мақсат: Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ресей Федерациясындағы мүддесін таныстыру мен қорғау.
Өкілдік қызметі:
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік субъектілерінің Ресей Федерациясындағы құқықтары мен заңды мүдделерін таныстыру, қамтамасыз ету және қорғау;
- ҚР ҰКП мен Еуразиялық экономикалық комиссияның (әрі қарай – ЕЭК) өзара байланысын қамтамасыз ету, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру мен қызмет етуі мәселелері бойынша (әрі қарай – ЕАЭО) ЕЭК материалдары мен шешімдер және ұсынымдар жобасын дайындау бөлігінде;
- Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін таныстыру, қамтамасыз ету және қорғау мәселесінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігімен, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдегімен өзара байланысты қамтамасыз ету;
- Ресей Федерациясы аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік субъектілері өкілдіктерімен өзара байланысты қамтамасыз ету және де олардың мәселелерінің Өкілдік құзырынан тыс жерде шешілуіне көмек көрсету;
- ЕЭК тарапымен, Ресей Федерациясының мемлекеттік орындарымен, Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасымен, Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағымен және Ресей Федерациясы бизнес-бірлестіктерінің өзге де өкілдерімен тиімді өзара байланысты ұйымдастыру;
- ЕЭК жанындағы консультативтік кеңес аясында беларусьтік-қазақстандық-ресейлік бизнес сұхбатын дамыту;
- ҚР ҰКП жайлы ақпарат тарату және де көрсетілген шаралар тұрғысында ҚР ҰКП тарапын ақпараттандыру мақсатында, ҚР ҰКП қызмет саласына кіретін мәселелер бойынша Ресей Федерациясы аумағында өткізілетін шараларға қатысу;
- ҚР ҰКП қызмет саласына кіретін, мәселелеріне қатысты Ресей Федерациясы мемлекеттік билік орындары мен өзге мемлекеттік емес ұйымдар әрекеті жайлы ҚР ҰКП тарапын ақпараттандырып отыру;
- ҚР ҰКП негізгі қызмет түрлеріне байланысты және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қызметтерді ҚР ҰКП тапсырмасы бойынша орындау.